Жылжымайтын мүлiк техпаспортын қалай алуға болады?

Жылжымайтын мүлiк техпаспортын қалай алуға болады?

Егер сiз пәтер сатып алсаңыз, үй немесе кез келген басқа жай салсаңыз, мiндеттi түрде объектiнiң төлқұжатын алуыңыз керек. Бұл сiздiң жылжымайтын мүлiкпен байланысты кез келген сауда-саттық үшiн ең маңызды құжат. Оны екi тәсiлмен: ХҚО арқылы немесе eGov порталы арқылы алуға болады. Әр әдiс туралы егжей-тегжейлi айтып өтейiк.

ХҚО арқылы:

  • жылжымайтын мүлiк бар болған жағдайда қолданыстағы техникалық паспортын және (немесе) жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне құқық белгiлейтiн құжаттар
  • техникалық паспорт үшiн төлемдi растайтын құжат. Ол екi кезеңде ұсынылады: 1) Мемлекеттiк қызмет көрсетуге өтiнiш берген кезде төлем баға прейскурантына сәйкес жылжымайтын мүлiк объектiсiн мемлекеттiк техникалық тексеру бойынша қызметтiң базалық құны түрiнде жүргiзiледi; 2) жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң техникалық паспортын алған кезде баға прейскурантына сәйкес жылжымайтын мүлiк объектiсiн мемлекеттiк техникалық тексеру бойынша орындалған жұмыс үшiн толық төлем (қосымша ақы) жүргiзiледi.

Портал арқылы Еgov.kz:

  • Порталда авторизациядан өтiп, қызметтердi iздеу арқылы "жылжымайтын мүлiк" бөлiмiн тауып, "жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң техникалық паспортын алуға электрондық өтiнiш беру" қызметiн таңдаңыз, Қызметке онлайн тапсырыс берiңiз
  • Тiзбеде көрсетiлген құжаттарды тiркеу қажет болады
  • ЭЦҚ көмегiмен өтiнiшке қол қойыңыз

Ескерту! Пәтерлердiң, жатақханалардағы бөлмелердiң, жеке гараждар мен саяжай құрылыстарының құқық иелерi онлайн-сұраныс жасай алады.

Құжатты дайындау мерзiмi құрылымның түрiне байланысты. Техникалық тексеру қорытындысы бойынша пәтердiң, жатақханалардағы бөлменiң техпаспорты үшiншi жұмыс күнi, ал жеке гараждар мен саяжай құрылыстарына — бесiншi жұмыс күнi берiледi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз
қызметi

Жарияланған күні

20 қыркүйек 2021

Жаңарту күні

20 қыркүйек 2021