«Қандас» мәртебесiн беру немесе ұзарту

Көру саны:3
2021 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда «оралман» терминi ресми түрде «қандас» деп ауыстырылды. Бұл мәртебенi ХҚО арқылы да алуға болады.
Ол үшiн сiзде келесi құжаттар болуы керек:
- толтырылған өтiнiш (үлгiсiн Egov-тан жүктеуге болады)
- еркiн түрде жазылған өмiрбаян
- сiздiң және отбасы мүшелерiнiң жеке басын куәландыратын құжаттардың қазақ немесе орыс тiлдерiнде нотариалды куәландырылған аудармасы бар көшiрмелерi
- жергiлiктi атқарушы органның мәртебе беруге келiсiмi
- Отбасы мүшелерiнiң әрқайсысының 3х4 көлемiндегi екi фотосуретi
Егер барлық құжат дұрыс болса, мәртебе 5 жұмыс күнi iшiнде берiледi. Мәртебенiң жарамдылық мерзiмi бiр жылды құрайды, содан кейiн оны ұзартуға немесе ҚР азаматтығын алуға құжаттар тапсыруға болады. Толық ақпарат алу үшiн 1414 call-орталығына хабарласуға болады.
Қандастар — Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан кейiн шетелдегi тұрақты жерiнен елiмiзге оралған этникалық қазақтар. Қазақстанға келгеннен кейiн оларға «Қандас» мәртебесiн алу қажет.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз
қызметi
20 қыркүйек 2021
20 қыркүйек 2021