Қазақстанда ЖШС қалай жабуға болады?

Қазақстанда ЖШС қалай жабуға болады?

Кәсіпкер болу - батылдық пен тәуекелге бел байлауды қажет етеді. Алғашқы қадамдарда олжалы табысқа жету - барлығына бірдей емес. Кейде бизнесті жабуға тура келеді. Бұл орайда мемлекеттік органдар өкілдерінің сізге қоятын сұрақтарының болмауы үшін оны заңды түрде дұрыс рәсімдеу маңызды.⠀

Бүгін біз сізге өз ЖШС қалай жабуға болатынын айтамыз. Мұны екі жолмен жасауға болады.

Еgov.kz арқылы:⠀

- Порталда авторизациядан өтіп, іздеуде «Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару» қызметін табыңыз. Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз.⠀

- Өтінімдерді толтырып, құжаттарды сканерлеңіз. Егер сіз басшы болсаңыз, ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қойыңыз.⠀

- Қызмет үшін мемлекеттік баж төлеңіз.⠀

ХҚО арқылы:⠀

- Телеграм-бот, Egov.kz немесе 1414 байланыс орталығы арқылы кезекке алдын ала тапсырыс беріңіз.⠀

- ХҚО операторынан заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тіркеуге өтініш беріңіз. Өзіңізбен бірге қажетті құжаттарды алыңыз.⠀

Қызмет көрсету уақыты - 5 ж.к.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі

Жарияланған күні

03 тамыз 2021

Жаңарту күні

03 тамыз 2021