Тұрғылықты мекенжай бойынша тiркеу

Жарияланған күні: 23 шілде 2021
Жаңарту күні: 23 шілде 2021
Көру саны:6
Тұрғылықты жерi бойынша тiркелу үшiн интернет жүйесi мен 15 минут бос уақытыңыз болса жеткiлiктi. Егер қандай да бiр себептермен сiзде тұрғылықты тiркелу болмаса, мүмкiндiгiнше тезiрек тiркелуiңiз тиiс. Себебi, сiзге айыппұл салынуы мүмкiн.
Мұны электрондық үкiмет порталы арқылы қалай жасау керектiгi туралы нұсқаулықты ұсынамыз:
- ЭЦҚ көмегiмен eGov.kz порталында авторизациядан өтiңiз
- Iздеу жолында «ҚР халқының тұрғылықты жерi бойынша тiркеу» қызметiн тауып, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз
- Өтiнiмдi толтырып, оған ЭЦҚ көмегiмен қол қойыңыз. Тұрғын үй иесi де eGov арқылы өз келiсiмiн бередi.
- Қызмет көрсету мерзiмi 15 минуттан аспайды, сiздiң өтiнiмiңiздi өңдеу туралы хабарлама жеке кабинетке келедi.
ХҚО ғимаратында да тiркелуге болады, бiрақ бұл үшiн мiндеттi түрде тұрғын үй иесiнiң жеке қатысуы және оның келiсiмi қажет.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз
қызметi
Жарияланған күні
23 шілде 2021
Жаңарту күні
23 шілде 2021