Қазақстан автоХҚО-ларының жұмысы қайта жанданды

Көру саны:6
25 мамырда Iшкi iстер министрлiгiнiң ақпараттық жүйесiндегi техникалық ақауларға байланысты Қазақстанның мамандандырылған ХҚО-ларында автоқызметтер қолжетiмсiз болды. Бүгiнде мәселе оң шешiмiн тауып, барлық автоХҚО-лар штаттық режимде жұмыс iстей бастады.
«Бiздiң әрiптестерiмiз жүйелерiндегi ақауларды жойды. Ол өте күрделi ақау болды және Iшкi iстер министрлiгiнiң мамандары мәселенi мүмкiндiктерiнше тезiрек шешу үшiн ауқымды жұмыс жүргiздi. Бүгiн таңертеңнен бастап бiздiң автоХҚОлар штаттық режимде жұмыс iстей бастады. Бiз өткен күндер iшiнде жиналған барлық өтiнiмдi жедел өңдеуге тырысамыз. Келтiрiлген қолайсыздық үшiн кешiрiм сұраймыз» — дедi Азаматтарға арналған үкiметтiң басқарма төрағасы Әдiл Қожықов.
27 мамыр 2021
27 мамыр 2021