Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясындағы байқау


28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні. Жыл сайын бүкіл әлем бойынша осы күні еңбекті қорғау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтау саласындағы қызметті дамытуға ықпал ететін іс-шаралар өткізіледі.
Мереке қауіпсіз еңбек жағдайларын жүзеге асыру саласында қадағалау қызметін жүзеге асыратын мамандарға арналған.
Ағымдағы жылы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің СҚО бойынша департаменті өңірлік деңгейде конкурс өткізеді. Конкурсқа қатысу өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
Конкурс өндірістік жарақаттанудың және кәсіпорын қызметкерлерінің кәсіптік ауруларын алдын алу тиімділігін арттыру, сондай-ақ, жұмыскерлерге қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау үшін жұмыс берушілерді ынталандыру мақсатында меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдар арасында мынадай номинациялар бойынша өткізіледі:
- «Үздік еңбекті қорғау қызметі»;
- «Үздік еңбекті қорғау инженері»;
- «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор».
Конкурсқа қатысу үшін 2025 жылғы 11 сәуірге дейін қатысушыларға ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің СҚО бойынша департаментіне қатысушы-кәсіпорынның басшысы және жауапты орындаушы қол қойған әрбір номинация бойынша жеке еңбекті қорғау бойынша орындалған іс-шаралар туралы практикалық материалдар ұсыну қажет.
Сонымен қатар, материалдар:
- еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру (еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды, еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу жөніндегі жұмыстарды, өндірістік жарақаттануды және персоналдың кәсіптік сырқаттануын болғызбау жөніндегі шараларды қаржыландыру).
- еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету (өндірістегі қауіпті және зиянды факторлар мен тәуекелдерді азайту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру)
- қауіпсіздікті техникалық реттеу (Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша енгізілген стандарттар)
- әлеуметтік әріптестікті (ұжымдық шарт бойынша орындалған міндеттемелерді, қызметкерлерді нақты кәсіпорындағы жазатайым оқиғалардан әлеуметтік және міндетті сақтандыруды көрсете отырып).
- материалдар түсіндірме жазбаның мәтінінде фотосуреттерді, өндірістік схемаларды, диаграммаларды, оларға сілтемелері бар кестелерді қамтуы тиіс.
Материалдар қағаз және электрондық жеткізгіштерде қабылданады.
Сізден конкурсқа қатысуды және 2025 ж. 11.04. дейінгі мерзімде Петропавл қ., Абай к-сі, 64 мекенжайы бойынша «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ, 111-каб. материалдар конкурсқа қатысушыларға қатысты материал жіберуді сұраймыз, байланыс телефоны 8-715-2-46-37-73.
01 сәуір 2025
28 сәуір 2025
Конкурс