Жиі қойылатын сұрақтар
Егер тапсырылған жұмыс еңбек шартында, лауазымдық нұсқаулықта немесе қызметкердің еңбек функциясын айқындайтын өзге де құжаттарда көзделмеген болса, жұмыс берушіден мұндай тапсырманың құқықтық негізін нақтылап алу қажет. Әдетте, жұмыс беруші заңда белгіленген рәсімді сақтамай, еңбек шартында көзделмеген жұмысты орындауды біржақты тәртіппен талап етуге құқылы емес.
Қызметкерге:
- тапсырылған жұмыстың өзінің еңбек функциясына кіретін-кірмейтінін нақтылау;
- еңбек шартымен және лауазымдық нұсқаулықпен танысу;
- қажет болған жағдайда жұмыс берушіден тапсырманы жазбаша түрде ресімдеуді сұрау;
- дау туындаған жағдайда кадр қызметіне, еңбек дауларын қарау жөніндегі келісу комиссиясына немесе еңбек мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жүгіну ұсынылады.
Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан шығаруға еңбек заңнамасында көзделген негіздер бойынша ғана жол беріледі. Еңбек шартын тоқтату үшін жұмыс берушінің заңды негізі болуы тиіс, ол белгіленген рәсімді сақтай отырып, жұмыстан шығаруды тиісті құжаттармен ресімдеуге міндетті.
Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек қатынастарын тоқтату негізі ҚР Еңбек кодексінің 52-бабымен, ал тоқтату тәртібі ҚР Еңбек кодексінің 53-бабымен реттеледі.
Жұмыскер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу туралы өтінішпен ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясым комитетінің СҚО бойынша департаментіне, сондай-ақ белгіленген заңнамалық тәртіпке сәйкес сот органдарына жүгінуге құқылы. Өтініш беру кезінде жұмыстан шығарылған күнді, еңбек шартының тоқтатылу себебін көрсету және ҚР ЕК 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды қоса беру маңызды.
Иә. Еңбек қатынастары тиісінше ресімделуі тиіс. Еңбек шартында жұмыстың негізгі шарттары, соның ішінде еңбек функциясы, жұмыс орны, шарттың мерзімі, жұмыстың басталу күні және заңнамада көзделген басқа да шарттар айқындалады. Еңбек шарты туралы мәліметтер сондай-ақ белгіленген тәртіппен Еңбек шарттарын есепке алудың біріңғай жүйесіне енгізілуге тиіс.
Жұмыскер ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясым комитетінің СҚО бойынша департаментіне жұмыс беруші туралы мәліметтерді, берешек кезеңін және бұзушылық мән-жайларын көрсете отырып, өтініш жолдауы қажет. Сондай-ақ, еңбек қатынастарын растайтын қолда бар құжаттарды қоса беру керек.
Жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақшалай нысанда белгіленеді және келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей айына бір реттен сиретпей төленеді. Жалақы төленетін күн еңбек, ұжымдық шарттарда көзделеді. Жалақы төленетін күн демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі (ҚР ЕК 113-бабының 1-тармағы).
ҚР Еңбек кодексінің 113-бабының 1-тармағына сәйкес жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ақшалай нысанда белгіленеді және айына бір реттен сиретпей, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді. Жалақы төленетін күн еңбек, ұжымдық шарттарда көзделеді. Жалақы төленетін күн демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі.
Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден жұмыскерге тиесілі сомаларды төлеу ол тоқтатылғаннан кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Жұмыс беруші еңбек шарты тоқтатылған күні жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжатты беруге міндетті.
ҚР Еңбек кодексінің 91 бабына сәйкес, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезіндегі еңбек өтіліне мыналар қосылады:
1) нақты жұмыс істелген уақыт;
2) жұмыскер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт;
3) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт, оның ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болған уақыт;
4) жұмыскер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт.
ҚР Еңбек кодексінің 90-бабының 2-тармағына сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеу кезінде жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысына қосылады.
Яғни, жұмыс беруші ақы төленетін жұмыс уақыты үшін қосымша ақы төленетін еңбек демалысын беруге міндетті.