
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінiң негiзгi мiндеттерi:
- Солтүстiк Қазақстан облысы аймағындағы Қазақстан Республикасының әрекеттегi заңнамасына сәйкес мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру, еңбек қатынастары саласындағы мемлкеттiк саясатын iске асыру.
- Өзгеде мiндеттер, бөлiмге заңнамамен және басқармамен жүктелген.
Бөлiмнiң негiзгi функциялары:
- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау үшiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
- Өндiрiстiк травматизмдердiң, кәсiби аурылардың, кәсiби уланулардың себептерiн талдау, олардың алдын алу үшiн ұсыныстарды жасау;
- Қазақстан Республикасы заңнамасы тәртiбiмен өндiрiстерде қайғылы оқиғаларды тергеу;
- Еңбек қауiпсiздiгi және қорғауына жауапты тұлғалардың жұмысберушiлердiң, және басқарушы қызметкерлердiң бiлiмiн тексеру жүргiзу;
- Қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды нормативтерiн жетiлдiру сұрактары бойынша жұмышылар және жұмыс берушi өкiлдерiмен өзара әрекет ету;
- Қауiпсiздiгi және еңбек қорғау сұрақтары бойынша, жұмысшылар, жұмыс берушiлер және олардың өкiлдерiнiң айналысын талқылау;
- Еңбек шарты бойынша өндiрiстiк объектiлердiң мониторинг аттестациялауын жүзеге асыру болып табылатын.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 02 қыркүйек 2026Ақпарат2026 жылғы 8 айы ішіндегі МЕИ қызметі туралы Ақпарат
Медиагалерея
Бағыт бойынша барлық медиагалереяОқиғалар күнтізбесі
Барлық оқиғаЖиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруҚР Еңбек кодексінің 91 бабына сәйкес, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезіндегі еңбек өтіліне мыналар қосылады:
1) нақты жұмыс істелген уақыт;
2) жұмыскер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт;
3) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт, оның ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болған уақыт;
4) жұмыскер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт.
ҚР Еңбек кодексінің 90-бабының 2-тармағына сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеу кезінде жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысына қосылады.
Яғни, жұмыс беруші ақы төленетін жұмыс уақыты үшін қосымша ақы төленетін еңбек демалысын беруге міндетті.
Жұмыс беруші еңбек шарты тоқтатылған күні жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжатты беруге міндетті.
Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден жұмыскерге тиесілі сомаларды төлеу ол тоқтатылғаннан кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.




