Ағымдағы жылдың 8-9 қарашасында Цифрландыру күніне арналған Хакатон өтеді.

Жарияланған күні: 02 қараша 2023
Жаңарту күні: 02 қараша 2023
Көру саны:26
15 жастан 22 жасқа дейінгі барлық жас ІТ-мамандарды қатысуға шақырамыз. Орын саны шектеулі.
Қатысу шарттары:
- Петропавл қ. мектеп оқушылары, 15 пен 22 жас аралығындағы колледж және университет студенттері.
- 24 сағат ішінде қатысушылар Хакатонның негізгі тапсырмасы мен ішкі тапсырмаларын орынап, орындалған тапсырмаға презентация дайындау керек және оны қазылар алқасына таныстыруы керек. Хакатонның тапсырмасы өткізілетін күні жарияланатын болады.
- Қатысушылар өз командасын ноутбукпен, зарядтағыш құрылғылармен қамтамасыз етуі қажет.
Іс-шара 30 сағат ішінде бірнеше кезеңде өтеді. Басталуы 2023 жылғы 8 қараша сағат 9:00-де, 2023 жылғы 9 қараша сағат 15:00-де аяқталады. Жарысқа қатысушылардың барлық командалары 15-18 жас және 19-22 жас санаттары бойынша бөлінеді. Әр жас санатындағы жеңімпазды ақшалай сыйақы күтеді. Жеңімпаздарды марапаттау 2023 жылғы 9 қараша Цифрландыру күнінде өтетін болады.
Хакатонға қатысуға өтінімдер 2023 жылдың 7 қарашасына дейін https://forms.gle/xN3QbXvzhBpAonAv6 сілтемесі бойынша қабылданады.
Жарияланған күні
02 қараша 2023
Жаңарту күні
02 қараша 2023
Жарияланымның авторы
Түрі
Қызмет бағыты