«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ-нің қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы - заңгері
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Тиісті санат үшін бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн; осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білу («Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы).
Функционалды міндеттер
Бөлім қызметін құқықтық қамтамасыз ету. Бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне олардың құқықтық жағдайы мәселелері бойынша кеңес беру. Бөлімге қатысты бұйрықтарды дайындау және жасау. Бөліммен әзірленетін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ басқа да заңды сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады, оның ішінде оларды бөлімнің басқа секторлары әзірлеген жағдайда келісу жолымен. Бөлімге келіп түсетін нормативтік құқықтық актілерді жүйелендірілген есепке алуды және сақтауды ұйымдастыру. Шарттардың уақтылы жасалуын, олардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларын қолдануды үйлестіруді қамтамасыз етеді. Тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында бөлімнің қатысуымен даулар бойынша талап-арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдайды және оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді. Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда, бөлімнің пайдасына қабылданбаған сот актісіне барлық сот сатыларында шағымдану бойынша уақтылы шаралар қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық келтіру туралы өтініш береді. Заңды күшіне енген сот актілерін орындау бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді. Бөлімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру.
«АӨК субъектісі инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу» бағдарламасын іске асырады.
Бөлімнің кіріс құжаттарын тіркеу есебін жүргізеді. Құжаттардың орындалу мерзімдерінің сақталуын бақылайды.
(В блогы)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 22.11.2021
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 122 кабинеті
-
8 (7152) 465079