«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ жердi есепке алу, жер учаскелерiн алу және беру бөлімінің бас маманы (2026ж. 18.01. дейін негізгі қызметшінің бала күту демалысы кезеңіне, уақытша)
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
Тиісті санат үшін бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн; осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білу («Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», облысты дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жоспарын, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын, Қазақстан Республикасының Жер кодексін).
Функционалды міндеттер
Басқарма ережесімен көзделген функцияларды жүзеге асырады. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде жер есебін жүргізеді және облыс жерінің балансын жасайды. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді, Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша есептілікті жүргізуді жүзеге асырады. Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін анықтайды, Жерге орналастыруды жүргізуді және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекітуді ұйымдастырады. Жерді резервте қалдыру, ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру бойынша ұсыныстар дайындайды. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға облыстың жергілікті атқарушы органының рұқсат беруі бойынша ұсыныстар дайындауды ұйымдастырады. «Е-лицензиялау» бағдарламасымен жұмыс. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, сондай-ақ басқарманың мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, бекіту бойынша облыс әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындайды. Жер учаскелерін беру жөніндегі облыстық жер комиссиясының жұмысына қатысады. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға облыстың жергілікті атқарушы органының рұқсат беруі бойынша ұсыныстар дайындайды. Суармалы егіншілік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Жер мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді, өтініштерді қарайды, жер заңнамаларын түсіндіру және кеңес береді. Басқарманың құзыреті шегінде сатып алу-сату шарттары мен жер учаскесін жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасау үшін дайындайды және жасалған шарттар біліктілік талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
А блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.sultangalieva@sko.gov.kz
- 10.11.2023
- Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі,58 115 каб.
-
8(715-2)504497