«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ мемлекеттік тұқым инспекциясы бөлімінің басшысы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
Тиісті санат үшін бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн; осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білу («Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Өсімдіктерді қорғау туралы», «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы», Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», облысты дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жоспарын, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын).
Функционалды міндеттер
Лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес берілген құқықтар шегінде бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, қызметтің негізгі бағыттарын, нысандары мен әдістерін анықтайды. Тұқым шаруашылығы субъектілерінің уәкілетті орган бекіткен бастапқы, элиталық және өнеркәсіптік (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргізу схемалары мен әдістерін, тұқым шаруашылығы саласындағы әдістемелік және технологиялық біліктілік талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды, оның ішінде сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асырады. Аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері көрсететін қызметтердің сапасын тексереді. Аттестатталған тұқым өндірушілердің қызметін олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан инспекциялауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар береді және тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды. Субъектілердің тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы ұсыныстар енгізеді. Тұқым сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін тұқым партияларынан сынама алуды жүргізеді. «Тұқымдық және көшет материалдарының сорттық және егістік сапасын анықтау» бағдарламасын іске асыру. «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» бағдарламасын іске асыру. Субсидияланған тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады. Бірегей және элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау бойынша қызмет көрсету. Тұқым шаруашылығы субъектілерін аттестаттау бойынша жұмысты үйлестіреді. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша жедел ақпарат береді және есептілік жасайды. Басқарма басшылығының, жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындау кезінде мерзімдердің сақталуын, азаматтардың өтініштерін уақытылы және дұрыс қарауды бақылайды, бөлімде іс жүргізудің жай-күйін қадағалайды.
А блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.sultangalieva@sko.gov.kz
- 18.10.2023
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 116 кабинеті
-
87152504497