Ауыл шаруашылығын дамыту туралы (10 ай 2021 ж.)

Солтүстік Қазақстан облысы жерінің жалпы ауданы 9 млн. 804 мың га құрайды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 7 млн. 290 мың га немесе облыс аумағының 73% құрайды, оның ішінде егістік жерлер 4 млн. 935 мың га, жайылымдар 2 млн. 039 мың га.Қордағы жерлер 625 мың га, оның ішінде егістік жер 10 мың га, тыңайған жерлер 39 мың га және жайылымдық жерлер 382 мың га бар.

Облыс экономикасының құрылымында агроөнеркәсіптік кешен жалпы өңірлік өнімнің төрттен бір бөлігін (27,9%) алады (СҚО ЖӨӨ — 1556,2 млрд.теңге, СҚО АӨК ЖӨӨ — 433,9 млрд. теңге).

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісімен 5,7 мың ауыл шаруашылығы құрылым айналысады (1,3 мың ЖШС және 4,4 ШҚ,ФШ).

Ағымдағы жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы864 млрд. теңгеніқұрады (өсімдік шаруашылығы 677 млрд. теңге, мал шаруашылығы 164 млрд. теңге).

Инвестициялар ағыны НКИ 135,1% кезінде124 млрд. теңге.

АӨК бір қызметкерге шаққандағы еңбек өнімділігі2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 4 455,3 мың теңге немесе 102,9% құрады.

Өсімдік шаруашылығы.

Биылғы жылы алдын ала мәліметтерге сәйкес егін алқабы4,3 млн. гақұрайды.

Жыл басынан бері61 млрд. теңгеге2,2мың бірлік техника сатып алынды.

Облыс бойынша астықты сақтау көлемі 6,6 млн. тонна.

Мал шаруашылығы.

Ағымдағы жылдың басынан бері етөндірісі86,2 мың тонна,сүт өндірісі572,3 мың тонна, жұмыртқа 447,7 млн.дананы құрады.

Ірі қара мал басы4,7%-ға(397,5 мың бас), жылқы басы4%-ға(137,3 мың бас), қой мен ешкі басы3,4%-ға(438,7 мың бас), шошқа басы6,7%-ға(251,6 мың бас), құс 37,2-ға (4763,8 мың бас) артты.

Сүт шаруашылығы.

Облыста сүт өндірісімен90астам шаруашылық айналысады (21 заманауи сүт кешені).

Биылғы жылы 16 заманауи сүт тауарлы кешендерінің құрылысы жүргізілуде.

Қолда бар мал басын көбейту үшін ағымдағы жылы Ресейден және Еуропа елдерінен 3 мың бас асыл тұқымды ІҚМ төлі әкелінді.

Етті мал шаруашылығын дамыту үшін 13 мың жемдеу орнына2ірі бордақылау алаңдарын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Шошқа шаруашылығы.«EMC-Агро» ЖШСжұмыс істеп тұрған шошқа кешенінің қуатын 50 мыңнан 100 мың басқа дейін арттыру үшін қосымша үй-жайлардың құрылысы аяқталды.

Құс шаруашылығы.

Етті құс шаруашылығын дамыту үшін қуаттылығы жылына 6 мың тонна бройлер етін өндіретін 2 бройлер құс фабрикасын салу жоспарланған.

Тамақ өнімдерін өндіру.

2021 жылы статистика департаментінің деректеріне сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында 70 астам кәсіпорын жұмыс істейді.

2021 жылғы қаңтар-тамызда тамақ өнімдері өндірісінің облыстық көлемі ақшалай мәнде 116,5 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі 107%.

Азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындар 2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында өнеркәсіп өндірісінің облыстық көлемінің 47%-ын және өңдеу өнеркәсібінің 62%-ын өндірді.

Азық-түлік өнімдерін өндіру көлеміндегі негізгі үлесті: сүт саласы 38,2% (44,7 млрд. теңге), астық өңдеу саласы 21,4% (25 млрд. теңге), май-тоң саласы 10,5% (12,3 млрд. теңге), нан-тоқаш және ұн өнімдері 13,2% (15,4 млрд. теңге), ет өңдеу саласы 6 % (7 млрд. теңге), өзге де өнімдер өндірісі 1,2% (1,4 млрд. теңге).

Статистика департаментінің деректері бойынша 2021 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында:

  • сүт және кілегей 142 656 тонна (өткен жылмен салыстырғанда 7,2%-ға артық (2020 жыл — 133 064 тонна);
  • ірімшік және сүзбе 2381 тонна (өткен жылмен салыстырғанда 27,1% артық (2020 жыл — 1873 тонна);
  • ашыған сүт өнімдері 11 766 тонна (бұл өткен жылдың деңгейінен 10%-ға артық (2020 жылы – 10 690 тонна);
  • құрғақ сүт 611 тонна (өткен жылдың деңгейінен 2,8%-ға артық — 594 тонна)

Ұн — 224 810 тонна (өткен жылғы деңгейден 16%-ға артық — 193 653 тонна)

Жарма – 1457 тонна (өткен жылғы деңгейден 45%-ға артық — 1003 тонна)

АӨК өнімдерінің тауар айналымы.

Ұлттық статистика бюросы мен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша 2021 жылғы қаңтар-шілде Солтүстік Қазақстан облысында АӨК өнімдерінің сыртқы сауда айналымы 226,2 млн. АҚШ долларын құрады, өсім 33,2% (169,7 млн. АҚШ доллары).

Оның ішінде экспорт 164,2 млн. АҚШ доллары сомасына 535,4 мың тонна өнімді құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінің көлемінен 25,2%-ға артық (119,6 млн. АҚШ доллары сомасына 427,5 мың тонна).

Ағымдағы жылы мемлекеттік қолдау көлемі 52,6 млрд. теңгені құрайды.

Жарияланған күні

24 қараша 2021

Жаңарту күні

24 қараша 2021

Қызмет бағыты