Заң қызметі жөніндегі бөлімінің басшысы
«Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» КММ
Шымкент қаласы
126357 - 170599
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Құқық (құқықтану)
Функционалды міндеттер
Басқарманың мүдделерін мемлекеттік мекеменің қызметіне құқықтық мәселелерді қарастыру кезінде сотта және басқа да ұйымдарда белгіленген тәртіпте ұсынады;
Бөлімге жүктелген міндеттерді іске асыру үшін:
1) мемлекеттік мекеме бөлімдерімен;
2) прокуратура органдарымен;
3) құқықтық қорғау органдарымен;
4) соттармен;
5) жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды.
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді және басқарма басшысының және оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды дайындауды жүзеге асырады;
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 11.06.2021
- С.Байтереков, 89
-
27-71-31, 8-701-501-97-39