Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары
Шымкент қаласы әкімінің аппараты
Шымкент қаласы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогика және психология
- Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
- Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
- Әлеуметтік ғылымдар
- Журналистика және ақпарат
- Құқық
- Ұлттық қауіпсіздік
- Қоғамдық қауіпсіздік
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Құқықтану
Функционалды міндеттер
3.1.Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және Үкімет қаулыларының, қала әкімдігі қаулыларын, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
3.2.Басқарманың ережесіне сәйкес басқарманың жұмысын үйлестіреді. Басқарма басшысы уақытша қызметте болмаған жағдайда уақытша басқарма басшысының міндетін атқарып, бірінші басшының қол қою міндеті жүктеледі, бұйрықтар шығарады;
3.3.Басқармаға тапсырылған жұмыстардың орындалуын ұйымдастырады;
3.4.Өз құзыреті шегінде азаматтарды бекітілген кестеге сәйкес қабылдайды және мәселелерін қарайды;
3.5. Ақпарат және қоғамдық даму бөліміне, қоғамдық-саяси ахуал және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүргізу бөліміне және мемлекеттік рәміздермен жұмыс жүргізу және бақылау бөліміне жетекшілік етеді.
3.6.Жетекшілік ететін бөлімдердің мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын бекітуді, келісім-шарттардың жасалуын және мемлекеттік сатып алу заңдылықтарын қадағалайды.
3.7.Жетекшілік ететін бөлімдердің бюджеттік өтінімін және қаржының игерілуін қадағалайды.
3.8.Жетекшілік ететін бөлімдердің қызметкерлерінің өз міндеттерін тиісті дәрежеде орындауын және еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;
3.9.Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Шымкент қаласы әкімінің казақстандық патриотизмге тәрбиелеуге, ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, халықтың бірлігін сақтауға, Қазақстан Республикасы Конституциясының тұрақтылығына бағытталған саяси бағытын жүзеге асыру;
3.10. Қазақстан Республикасының Конститутциясын, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер туралы» Конститутциялық заңын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып, мемлекеттік рәміздерді (Ту, Елтаңба, Әнұран) пайдалану мен орналастыру тәртібін сақталуын қадағалайды;
3.11. Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаның бекітілген стандарттарға (өлшем, түс, орналасу биіктігі, жағдайы) сәйкес орналасуын қадағалайды;
3.12. Ресми бланкілерде, мөрлерде, стендттерде және басқа да материалдарда мемлекеттік рәміздердің заңға сай қолданылуын бақылайды;
3.11. Цифрлық және полиграфиялық материалдарда рәміздердің сапалы әрі дұрыс бейнеленуін қамтамасыз етілуін қадағалайды;
3.12. Мемлекеттік рәміздердің маңызын түсіндіру бойынша ақпараттық тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
3.13. Рәміздер күніне арналған іс-шаралар мен акцияларды жоспарлау және өткізілуін қадағалайды;
3.14. Рәміздердің қолданылуы жөнінде есеп және актілерді әзірлеуін қадағалайды;
3.15. Мемлекеттік рәміздерге қатысты заңнамалар мен нұсқаулықтардағы өзгерістерді қадағалайды;
3.16. Қаладағы қоғамдық бірлестіктердің заңдылықтарға сәйкес жұмыс жүргізуін қадағалайды және жүзеге асырылуын үйлестіреді және қала әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс – қимыл жұмыстарын үйлестіру жөніндегі кеңестердің жұмыстарының ұйымдастырылуын қадағалайды;
3.17. Қаладағы саяси партиялардың заңдылықтарға сәйкес жұмыс жүргізуін қадағалайды және жүзеге асырылуын үйлестіреді;
3.18. Қаладағы саяси партиялардың, оның ішінде оппозициялық бағыттағы партиялардың іс-шаралары, үкіметтік емес ұйымдар арасындағы саяси бағыттағы іс-шаралар туралы ақпараттар жинақталуын және сараптамалауын қадағалайды;
3.19.Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы мен басқа да қолданыстағы заңнамалар талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу;
3.20.Қаладағы бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде жарияланған материалдарға мониторинг жасалуын қадағалайды;
3.21.Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру бойынша қаладағы бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыстарды үйлестіруін қамтамасыз етеді;
3.22.Мемлекеттік тапсырыс негізінде әлеуметтік бейнероликтердің сценарийін дайындау және электронды БАҚ беттерінде жариялануын ұйымдастыру;
3.23.Көрнекі-насихат құралдарына мәтіндерінің дайындалуын, ұсыныстар беру арқылы ескірген мәтіндердің уақытылы жаңартылуын қадағалайды
3.24.Қаладағы қоғамдық-саяси ахуал жөніндегі тоқсандық, жылдық есептердің мерзімінде тапсырылуын бақылайды;
3.25. Шымкент қаласы әкімінің өңірдегі, шетелдердегі сапарларын, жұмыс сапарларын және қатысуымен өтетін және басқа да іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мақсатымен дайындайды және өткізеді;
3.26. Шымкент қаласы әкімінің қатысуымен өтетін іс-шараларға аккредиттелген журналистердің жұмысын ұйымдық қамтамасыз ету;
3.27. Шымкент қаласы әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен баспасөз конференцияларын, брифингтерін, сұхбаттары мен кездесулерін ұйымдастыру;
3.28.Шымкент қаласы әкімінің және оның қатысуымен өтетін іс-шаралардың кәсіби және сапалы фото және бейнетүсірілімдерін қамтамасыз ету;
3.29.Шымкент қаласы әкімінің ресми сөздерінің, сұхбаттарының, мақалаларының, ақпараттық материалдары мен мәтіндерінің жобаларын стилистикалық және әдеби редакциялау, БАҚ-тан келіп түскен сауалдарға дер кезінде жауап береді;
3.30.Шымкент қаласы әкімінің қызметі бойынша сұхбаттарының, мақалаларының, ақпараттық материалдары мен мәтіндерінің жобаларын дайындау;
3.31.Шымкент қаласы әкімінің веб-сайтында техникалық қамтамасыз ету қызметін кешенді қайта жаңарту, дизайнын жетілдіру, модерлендіру және жаңа технологияларды ендіру мәселелері бойынша ұсыныс енгізу және әзірлеу;
3.32.Шымкент қаласы әкімінің қызметі және оның қатысуымен іс-шаралар туралы ақпараттық материалдармен бұқаралық ақпарат құралдарын қамтамасыз ету және ақпараттандыру;
3.33.Баспасөз хатшысының міндеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамамен айқындалатын өзге де міндеттерін орындау;
3.34.Өз құзыры шегінде қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
3.35.Өзіне берілген өкілеттігіне қарай бөлім басшыларының (бөлім қызметкерлерінің) өздеріне жүктелген тапсырмаларының уақытылы орындағаны (орындамағаны) үшін көтермелеу (тәртіптік жаза қолдану) арқылы бағалайды және басқарма басшысына ұсыныс береді;
3.36.Жетекшілік ететін бөлімдерге келіп түскен хаттар мен тапсырмалардың уақытылы орындалуын қадағалайды;
3.37.Жетекшілік ететін бөлімдердің қызметкерлердің заңдылықтарға сәйкес жұмыс жүргізуін қадағалайды және жүзеге асырылуын үйлестіреді;
3.38.Жетекшілік ететін бөлімдердің және басқада бөлімдердің тапсырмаларын, жұмыстарын мерзімге сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді, бақылайды.
3.39.Жетекшілік ететін бөлімдерге қатысты жобаларды, қаулыларды, өкімдерді, хаттамаларды әзірлеуін және орындалуын қадағалайды.
3.40.Шымкент қаласы бағдарламасының «Easy project» кросс-функционалды платформасына енгізілген басқарма көрсеткіштерін орындалуын қадағалайды;
3.41. Нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық актілердің жобаларын сапалы әзірлеуге және басқа да құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды дайындауға;
3.42. Нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық актілердің жобаларын тиісті мемлекеттік, басқа да органдар және ұйымдармен келісу (жариялау, қажетті қортындылар алу), әділет органына заңнамада көрсетілген мерзімде мемлекеттік тіркеуге ұсынылуын қамтамасыз ету;
3.43. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен өздері әзірлеген нормативтік құқықтық актілерге мониторингті тұрақты негізде жүргізуге.
Функционалдық блок: А
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs-shymkent@inbox.ru
- 01.07.2026
- Шымкент қаласы, Нұрсат ш/а, Nursultan Nazarbaev даңғылы №10-үй
-
24-70-63, эл. почта konkurs-shymkent@inbox.ru