Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы мемлекеттік рәміздермен жұмыс жүргізу және бақылау бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Шымкент қаласы әкімінің аппараты

Аймақ

Шымкент қаласы

Санат

D-O-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Құқық
  • Ұлттық қауіпсіздік
  • Қоғамдық қауіпсіздік
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Қаржы және кредит

Функционалды міндеттер

3.1.Бөлім басшысы бөлімнің жалпы жұмысына басшылық жасайды және өзінің құзыреті шегінде бөлім қызметшілеріне тапсырмалар береді, шешім қабылдайды;
3.2.Бөлім қызметшілері арасындағы міндеттерді айқындап бөліп беру, бекіту үшін басқарма басшысына ұсынады;
3.3.Басқарманың жалпы ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді.
3.4.Бөлім қызметшілерін ынталандыру мен тәртіптік шара қолдану туралы ұсыныс енгізеді;
3.5.Басқарма бөлімдері қызметшілерінің орындаушылық тәртібі мен жұмыс регламенті талаптарын сақтауына бақылау жасайды және олардың тарапынан мемлекеттік қызмет туралы заңдылықтарда көзделген тыйымдарды сақтауын қадағалауды жүзеге асырады;
3.6.Басқарма басшыларының бөлімдерге берген тапсырмаларының мерзімінде және сапалы орындалуына бақылау жасайды;
3.7.Басқармаға келіп түскен хаттардың уақытылы тіркеліп, бөлімдерге уақытылы тапсырылуына, мерзімінде және сапалы орындалуын қадағалайды және бақылау жасайды;
3.8.Бөлімнің атқарған жұмыстары бойынша басқарма басшысына және тікелей орынбасарына есеп береді;
3.9.Бөлімдердің жоспарлары негізінде басқарманың жылдық жұмыс жоспарларын бекітуге дайындап, олардың белгіленген мерзімде орындауын қадағалайды;
3.10.Басқарманың жоспарында қарастырылған іс-шаралардың көрсетілген мерзімінде өткізілуін және басқармадағы бақылауға алынған кіріс құжаттарының көрсетілген мерзімінде орындалуын қадағалайды;
3.11.Басқарманың қаржы-шаруашылық жұмыстарын атқарады, барлық қаржылық операцияларын, басқармаға бөлінген қаржының игерілуін қамтамасыз етеді;
3.12. Басқарманың қызметін қамтамасыз етуге бөлінген қаржыға жылдық смета жобасын дайындайды және орындайды;
3.13.Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып, мемлекеттік рәміздерді (Ту, Елтаңба, Әнұран) пайдалану мен орналастыру тәртібін сақталуын қадағалайды;
3.14. Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаның бекітілген стандарттарға (өлшем, түс, орналасу биіктігі, жағдайы) сәйкес орналасуын қадағалайды;
3.15. Ресми бланкілерде, мөрлерде, стендтерде және басқа да материалдарда мемлекеттік рәміздердің заңға сай қолданылуын бақылайды;
3.16. Цифрлық және полиграфиялық материалдарда рәміздердің сапалы әрі дұрыс бейнеленуін қамтамасыз етілуін қадағалайды;
3.17. Мемлекеттік рәміздердің маңызын түсіндіру бойынша ақпараттық-тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырады;
3.18. Рәміздер күніне арналған іс-шаралар мен акцияларды жоспарлау және өткізілуін қадағалайды;
3.19. Мемлекеттік рәміздердің жағдайына (таза болуы, бүлінбеуі, ескіруі) мерзімді түрде тексеріс жүргізуін қадағалайды;
3.20. Рәміздерді ауыстыру, жөндеу немесе жаңарту қажеттілігі туралы басшылыққа хабарлауын қадағалайды;
3.21. Рәміздердің қолданылуы жөнінде есеп және актілерді әзірлеуін қадағалайды;
3.22. Мемлекеттік рәміздерге қатысты заңнамалар мен нұсқаулықтардағы өзгерістерді қадағалайды;
3.23. Жаңартылған талаптарды мекеме қызметінде қолдану және қызметкерлерге түсіндіреді.
3.24. Мемлекеттік қызметке кіру, өткеру және тоқтату рәсімдерінің сақталуын қадағалайды;
3.25. Бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша комиссия, жұмыс топтарының құрамына қатысады;
3.26. Басқарманың кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «Е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізуін қадағалайды;
3.27. Аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыруын қадағалайды;
3.28. Мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру, олардың рәсімдерінің сақталуын қадағалайды;
3.29. Басқарма қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді, қызметшілерге заңгерлік көмек, көрсетеді, кеңес береді;
3.30. Басқармада еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қадағалайды;
3.31. Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, басқарманың басшысына оларды көтермелеу және ынталандыру бойынша ұсыныс беруді қадағалайды;
3.32. Басқарма басшысы және оның орынбасарларының басқа да тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді;
3.33. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
3.34. Басқарманың қаржы-шаруашылық жұмыстарын, барлық қаржылық операцияларын, басқармаға бөлінген қаржының игерілуін қадағадайды;
3.35. Бюджет бойынша басқарманың қаржыландыру жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді;
3.36. Статистикалық және салық есептерін уақытында тапсыруды қадағалайды;
3.38. Басқарманың қаржы-шаруашылық жұмыстарын атқарады, барлық қаржылық операцияларын, басқармаға бөлінген қаржының игерілуін қамтамасыз етеді;
3.39.Шымкент қаласы бағдарламасының «Easy project» кросс-функционалды платформасына енгізілген басқарма көрсеткіштерін орындалуын қамтамасыз етеді;
3.40. Нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық актілердің жобаларын сапалы әзірлеуге және басқа да құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды дайындауға;
3.41. Нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық актілердің жобаларын тиісті мемлекеттік, басқа да органдар және ұйымдармен келісу (жариялау, қажетті қортындылар алу), әділет органына заңнамада көрсетілген мерзімде мемлекеттік тіркеуге ұсынылуын қамтамасыз ету;
3.42. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен өздері әзірлеген нормативтік құқықтық актілерге мониторингті тұрақты негізде жүргізуге.

Функционалдық блок: А

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 17.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.06.2026 – 22.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

24.06.2026

Сұхбаттасу орны

Шымкент қаласы, Нұрсат ш/а, Nursultan Nazarbaev даңғылы №10-үй

Анықтама алу үшін байланыс

24-70-63, эл. почта  konkurs-shymkent@inbox.ru