Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы қала құрылысын жоспарлау мен геоақпараттық жүйе бөлімінің бас маманы
Шымкент қаласы әкімінің аппараты
Шымкент қаласы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
3.1. Қала әкімінің және оның орынбасарларының, басқарма басшысының және
оның орынбасарының берген тапсырмаларын мерзімінде мерзімінде орындау;
3.2.Қызыл сызықтан асқан сауда–саттық құрылымдарының объектілерін
анықтау;
3.3. Бөлімге түскен өтініш, арыз, шағым, сұраныс, пікір, ұсыныс, хабарламалардың (мемлекеттік мекемелерден, заңды және жеке тұлғалардан) мерзімінде орындалуын және хаттың жауабын мерзімінде жолданылуын қамтамасыз етеді;
3.4.Бөлім тарапынан жарияланатын ақпараттарды басқарманың ресми сайтына уақытылы ұсыну;
3.5.Біріңғай автоматтандырылған геоақпараттық жүйесінің жұмыстарын үйлестіру;
3.6.Шымкент қаласының жобаланып жатқан инженерлік желілері мен құрылыстары туралы деректер базасына енгізеді;
3.7.Өңірлік географиялық ақпараттық жүйенің жұмысын қамтамасыз ету, жүйенің жұмысын басқару, пайдаланушы ұйымдармен өзара әрекеттесу, пайдаланушылардың құқықтарын басқару, ақпараттың өзектілігін бақылау және ұйымдастырушылық шаралар қамтамасыз ету;
3.8.Өңірлік географиялық ақпараттық жүйенің (әрі қарай – ӨГАЖ) пайдаланушы басқармалардың, аудан әкімдіктерінің қаланың барлық әлеуметтік және басқада нысандарының құрылыстары мен жобалары және жоспарлары бойынша, әлеуметтік нысандардың ақпараты бойынша деректердің ӨГАЖ-ның кезекші картасына мәліметтер енгізілуіне, оның тұрақты сапалы жаңартылуына, бақылау жүргізу және олардың деректерді жаңартылуы бойынша ақпараттар жинақтап орындайды;
3.9.Басқарма бөлімдерімен өз салалары бойынша ұсынылатын мәліметтерді өндіріп, ӨГАЖ кезекші картасының картографиясына енгізілуіне және тұрақты түрде тиісті талаптарға сәйкес толық, сапалы жаңартылуына бақылау жүргізу және жауапты бөлімдердің деректерді жаңартылуы бойынша есебін жинақтайды;
3.10.Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын сақтау;
3.11. Өзіне қатысты құжаттарды, өтініштермен қызметтік хаттарды «Е-Қызмет» жүйесінде тек автоматтық режимде енгізу бойынша жұмыс жүргізеді;
3.12. Бөлімге тиісті мәліметтерді апталық, айлық, тоқсандық, жылдық есептерін дайындап ұсынады;
3.13. Басқарма тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету негізінде (арыз-шағымдар) туындаған мәселелерін шешу бойынша мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларын қызметтер көрсетеді;
3.14.Бөлім қызметкерлері арасында мемлекеттік қызметшілер ережесін сақтайды;
3.15. Мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға тиіс;
3.16. Қала құрылыс жоспарлау жобалары негізінде регламент (қызыл, сары және құрылыс сызықтары) талаптарының орындалуы бойынша жұмыстар жүргізеді;
3.17. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдаланудың алдын алады;
3.18. Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларымен көрсетілген міндеттерді жүзеге асырады;
3.19. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттері оларды заңды негіздерде иеленетін тұлғалардың меншігі болып табылады. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттерін басқа тұлғаларға бермеуге және бөгде адамға пайдалануға жол бермеуге.
3.20.Қаланың және қала маңы аймағының бекітілген бас жоспарын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын бекіту және іске асырылуын қамтамасыз етеді;
3.21. Қала аумағындағы ғимараттар мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи қорық қорының жергілікті маңызы бар объектілерін сақтау және күтіп-ұстау ережелерін белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
3.22. Қаланың бас жоспарының жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізу жұмыстарын жүргізу;
3.23. Бас жоспарды және басқа қала құрылысы құжаттамаларын әзірлеу үшін тапсырыс беруші қызметтерін орындау;
3.24. Қаланың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
3.25. Қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты әкімшілік аудандардың және серіктес елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және қала мәслихатына ұсыну;
3.26. Мемлекеттік органның ішкі қызметін цифрландыруды, соның ішінде автоматтандыруды ұйымдастыру, цифрлық деректер мұрағатын құруды, жүргізуді ұйымдастыру;
3.27. Бөлімге тиісті мәліметтерді веб-сайтқа уақытылы ұсыну;
3.28.Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру.
3.29.Бірыңғай автоматтандырылған геоақпараттық жүйесінің жұмыстарын үйлестіру;
3.30.Пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерлерге мониторинг жүргізу;
3.31.Шымкент қаласының жобаланып жатқан инженерлік желілері мен құрылыстары туралы деректер базасына енгізу жұмыстарын жүргізу;
3.32.Қала аумағындағы жер учаскелеріне мониторинг жүргізеді;
3.33. Бөліміне қатысты құжаттарды істер номенклатурасына сәйкес «е - Архив» жүйесіне енгізу;
Функционалдық блок: А
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs-shymkent@inbox.ru
- 14.04.2026
- Шымкент қаласы, Нұрсат ш/а, Nursultan Nazarbaev даңғылы №10-үй
-
24-70-63, эл. почта konkurs-shymkent@inbox.ru