Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы инвестицияларды тарту бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Шымкент қаласы әкімінің аппараты

Аймақ

Шымкент қаласы

Санат

D-O-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Жобаны басқару
  • Инновациялық менеджмент
  • Мемлекеттік басқару
  • Өңірлік даму

Функционалды міндеттер


3.1. Бөлім жұмысын басқарады және ұйымдастырады, бөлім жұмысына тікелей жауапты болады;
3.2. Бөлім жұмыстары бойынша мәліметтер даярлауды ұйымдастырады және жоғарғы мекемелерден және қала әкімдігінің қаулылары, хаттамалық тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді және қадағалайды;
3.3. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары мен Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының, қала әкімдігінің қаулыларының, қала әкімінің өкімдері мен шешімдерінің, басқарма басшысының бұйрықтары мен тапсырмаларының мерзімінде және тиянақты орындалуын қамтамасыз етеді;
3.4. Бөлімнің жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарларының әзірленуін қадағалайды;
3.5. Өз саласы бойынша барлық деңгейдегі құқық қорғау органдарында басқарма мүддесін қорғайды;
3.6. Тиісті мемлекеттік бағдарламалар мен қаланың даму бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде инвестиция тарту, бірыңғай индустрияландыру картасына жобаларды енгізу бойынша салалық министрліктермен тікелей қарым-қатынаста жұмыс жасайды;
3.7. Қаланың әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеуге қатысады, олардың орындалуы бойынша материалдар әзірленуін қамтамасыз етеді;
3.8. Қала әкімдігі, басқарма басшыларының сұраныстарына сәйкес инвестиция тарту бойынша атқарылған жұмыстарына ақпарат әзірленуін қамтамасыз етеді;
3.9. Инвестиция тарту, бірыңғай индустрияландыру картасына жобаларды енгізу бойынша ҚР ҰЭМ, СІМ, ӨҚМ келісу үшін материалдар жолдануын қадағалайды;
3.10. Инвесторлардың өзекті мәселелерін шешу мақсатында Инвестициялық штаб отырысын өткізуді қамтамасыз етеді;
3.11. Инвесторларға мемлекет тарапынан қолдаудың жергілікті дәрежеде іске асырылуын ұйымдастырады;
3.12. Қаланың салаларын дамыту үшін инвестициялар тарту жұмыстарын ұйымдастырады;
3.13. Инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша шаралар әзірлеу және іске асыруды ұйымдастырады;
3.14. Қаланың инвестициялық ахуалын жақсарту үшiн жағдайлар жасау және инвестиция саясатын жүргiзудi қамтамасыз етеді;
3.15. Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының инвестициялар саласындағы индикаторларының орындалуын қамтамасыз етеді;
3.16. 2022-2026 жылдарға арналған өңірлер бөлінісіндегі негізгі капиталға салынған инвестициялардың декомпозициясы бойынша нысаналы индикаторлардың орындалуын ұйымдастырады;
3.17. Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша нысаналы индикатордың орындалуын қамтамасыз етеді;
3.18. Қала аумағында өтетін инвестициялық форумның, семинарлардың өткізілуін қамтамасыз етеді;
3.19. «Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамымен, «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы аймақтық өкілдігімен, «Invest Shymkent» ЖШС-мен бірлесіп қаланың инвестицилық ахуалын арттыру бойынша жұмыстар атқарады;
3.20. Инвесторларға мемлекеттік қолдау көрсету бойынша ақпараттық-насихаттық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
3.21. Қала аумағында орналасқан шетелдік инвестициялық жобалардың іске асырылуына тиісті мониторинг жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етеді;
3.22. Қаланың инвестициялық ахуалын жақсарту мәселелері бойынша жергілікті, республикалық және халықаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізілуін қамтамасыз етеді;
3.23. Бірыңғай индустрияландыру картасына жобалардың енгізілуін қадағалайды;
3.24. Бірыңғай индустрияландыру картасы жобаларының өзектендірілуін қамтамасыз етеді;
3.25. Қала аумағындағы кәсіпорындар тарапынан статистикалық есептіліктің (1-инвест) тапсырылуын қадағалайды;
3.26. Бірыңғай Жалпыұлттық пулға енгізілетін инвестициялық жобалар пулын қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
3.27. Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға инвестициялық жобалардың енгізілуін және оны кешенді сүйемелденуін қадағалайды;
3.28. Шетелдік инвесторларды қабылдауды өткізу бойынша тиісті жұмыстардың атқарылуын қадағалайды;
3.29. Қала басшылығының және кәсіпкерлердің өңіраралық және халықаралық инвестициялық форумдарға және кездесулерге қатысуын қамтамасыз ету мақсатында алыс және жақын шет мемлекеттерге жұмыс сапарларын ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді;
3.30. Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында тиісті меморандумдардың, келісімдердің жобаларын әзірленуін қамтамасыз етеді;
3.31. Жобалық басқарудың «Easy Project» платформасында қажетті деректерді орналастыру және орындау бойынша жұмыстар жүргізілуін қадағалайды;
3.32. Басқарма басшысы бекіткен лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес жұмыс атқарады;
3.33. Бөлімге келіп түскен хаттар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытылы сапалы жауап беруді қадағалайды, ұйымдастырады;
3.34. «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне өздеріне тиесілі жеке мәліметтерді (өкімге негіз болып табылатын өтініштердің барлық түрі, қызметтік жазбаларды, бағалау парақшаларын және т.б.) тек автоматтық режимде енгізіп, жолдайды.
3.35. Бөлім қызметшілері арасында жұмыс уақыты режимінің сақталуын қамтамасыз ету

Функционалдық блок: А

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.12.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.12.2025 – 17.12.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

19.12.2025

Сұхбаттасу орны

Шымкент қаласы, Нұрсат ш/а, Nursultan Nazarbaev даңғылы №10-үй

Анықтама алу үшін байланыс

24-70-63, эл. почта  konkurs-shymkent@inbox.ru