«Taza Onim» ШҚ-өнеркәсіптік жылыжай кешені
Сипаттамасы
«Taza Onim» ШҚ-өнеркәсіптік жылыжай кешені қала аумағында көкөніс өнімдерін өндіру. 2019 жылы іске асқаны 3га, қазіргі таңда өнімге сұраныстың артуына байланысты қосымша 6 га жоспарланып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қуаттылығы-3 600 тонна өнім өндіру (жылына). Орналасқан жері: Шымкент қаласы, Абай ауданы, Бадам тұрғын алабы, 292 квартал. Жобаны іске асыру мерзімі 2020-2021 ж.ж.
Бағыттары
Жылыжай кешенінде қияр мен қызанақты өсіру.
Мақсаттары
- Алдағы уақытта сұранысқа байланысты қосымша 6 га жерді іске қосу(құрылыс жұмыстары жүргізілуде).
- Жылыжай кешенін іске қосу арқылы, қала аумағындағы өндірілген өнімнің экспорттық көлемін артуына ықпал жасау.
Тапсырмалары
- «Taza Onim» жылыжай кешенінің өндірілген өнім көлемін арттыруға ықпал жасап, экспортқа шығару.
- Қала тұрғындарын сапалы, табиғи таза өніммен қамтамасыз ету.
- Автоматтандырылған замануи жаңа технологияларды қолданысқа енгізу.
Құрылыс жұмыстары



Жобаның іске қосылуы
Ағымдағы жылы шілде айында 6 га құрайтын «Taza onim» жылыжай кешені толығымен іске қосылды. Аталған жылыжайда жылына 1 000 тонна көкөністік өнімдер жиналып, 65 адам жұмыспен қамтамасыз етілуде.
