Shymkent City

Сипаттамасы

    Жақын болашықта заманауи тұрғын және іскерлік орталығының жобасы сәтті жүзеге асуы тиіс. Сондай – ақ жаңадан салынатын әуежай, сауда орталықтары мен заманауи ойын – сауықтыру паркінің жобалары көпшіліктің көңілінен шығатыны анық.

Бағыты

"Шымкент сити" қаламыздың жаңа әкімшілік-іскерлік, мәдени орталығына айналады. Мұнда халық үшін барлық жағдай жасалады.

Мақсаты

    Біздің мақсатымыз – Шымкент қаласын қазіргі заман талабына сай мегаполис қалаға айналдыру. Біз біріншіден, жергілікті тұрғындарды толғандырған түйткілді мәселелерді шешуге, екіншіден, инфрақұрылымды жаңартуға, үшіншіден, инвестиция көлемін ұлғайтып, кәсіпкерлік саласын дамытуға қолайлы жағдайды қалыптастыруға жете көңіл бөлетін боламыз.

 

Тапсырмалары

Шымкентте қала ішіндегі қала - Shymkent City салынуда. Қалашықтың жалпы ауданы – 427 гектар, 70 мың тұрғынға шақталған. Мұнда 316 үй, мектептер, балабақшалар мен емханалар, кино – концерт залы, спорт кешені, бизнес орталығы бой көтереді. Қала құрлысы мен сәулетінің ең жоғарғы талаптарына сай келеді.