ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНАН ТІКЕЛЕЙ ҰШАТЫН ӘУЕ РЕЙСТЕРІ ТУРАЛЫ
Жарияланған күні: 18 сәуір 2025
Жаңарту күні: 18 сәуір 2025
Көру саны:24
Шымкент қаласынан тікелей ұшатын 8 ішкі (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Көкшетау, Петропавл, Жезқазған), 10 халықаралық (Мәскеу, Шарм-эль-Шейх, Ыстамбұл, Анталья, Дубай, Джидда, Медина, Доха, Фукуок, Пхукет) рейстер қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар, SCAT әуе компаниясы жаңа халықаралық тікелей әуе рейстерін қосуды жоспарлауда:
- 2025 жылғы 27 мамырдан бастап– Шымкент-Будапешт, Шымкент-Мюнхен
- 2025 жылғы 28 мамырдан бастап– Шымкент-Сиань
- 2025 жылғы 29 мамырдан бастап – Шымкент-Каир, Шымкент-Сеул,
Шымкент-Шанхай
- 2025 жылғы 30 мамырдан бастап – Шымкент-Үрімші
Бұл жаңа рейстер Шымкент қаласының туристік әлеуетін арттырып, халықаралық байланыстарды нығайтуға септігін тигізеді.