«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы» Шымкент қаласының 2026 жылдың 1-тоқсанның қорытындысы бойынша есебінің талдамалық анықтамасы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы» Шымкент қаласының 2026 жылдың 1-тоқсанның қорытындысы бойынша есебінің талдамалық анықтамасы
Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан барлығы: 3 885 880, жеке тұлғаларға: 3 879 555 және заңды тұлғаларға: 6 325 қызмет ұсынылды, оның ішінде:
Қағаз түрінде (кеңсе арқылы) барлығы: 12 090 (үлесі 0,3%), жеке тұлғаларға: 9 132 және заңды тұлғаларға: 2 958 қызмет ұсынылды, оның ішінде:
- көрсетілетін қызметті берушілермен кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 2 657, жеке тұлғаларға: 2 579 және заңды тұлғаларға: 78 қызмет;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілгендер саны: 9 433, жеке тұлғаларға: 6 553 және заңды тұлғаларға: 2 880 қызмет;
Электронды түрде (ақпараттық жүйелер арқылы) барлығы: 3 873 790 (үлесі 99,7%), жеке тұлғаларға: 3 870 423 және заңды тұлғаларға: 3 367 қызмет ұсынылды, оның ішінде:
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде («электрондық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 3 378 018, жеке тұлғаларға: 3 374 705 және заңды тұлғаларға: 3 313 қызмет;
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы («электрондық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 495 772 жеке тұлғаларға: 495 718 және заңды тұлғаларға: 54 қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсетілудің негізгі бас тартылу саны – 1 848 бірлік.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым келіп түспеген.
18 объект бойынша ішкі бақылау іс-шаралары жүргізіліп, 1 660 құқық бұзушылықтар анықталды.
Құқық бұзушылықтарға жол берген 60 жауапты қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстардың саны – 18, орындалғаны – 18.
Ішкі байқау шеңберінде құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында халықтың арасында 45 түсіндірме іс-шарасы жүргізілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 11 қызметкер біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Шымкент қаласының әкімдігі
24