«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы» Шымкент қаласының 2025 жылдың қорытындысы бойынша есебінің талдамалық анықтамасы
Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан барлығы: 15 358 212, жеке тұлғаларға: 15 328 906 және заңды тұлғаларға: 29 306 қызмет ұсынылды, оның ішінде:
Қағаз түрінде (кеңсе арқылы) барлығы: 240 806 (үлесі 1,6%), жеке тұлғаларға: 224 955 және заңды тұлғаларға: 15 851 қызмет ұсынылды, оның ішінде:
- көрсетілетін қызметті берушілермен кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 179 529, жеке тұлғаларға: 178 995 және заңды тұлғаларға: 534 қызмет;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілгендер саны: 61 277, жеке тұлғаларға: 45 960 және заңды тұлғаларға: 15 317 қызмет;
Электронды түрде (ақпараттық жүйелер арқылы) барлығы: 15 117 406 (үлесі 98,4%), жеке тұлғаларға: 15 103 951 және заңды тұлғаларға: 13 455 қызмет ұсынылды, оның ішінде:
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде («электрондық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 13 065 725, жеке тұлғаларға: 13 052 270 және заңды тұлғаларға: 13 455 қызмет;
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы («электрондық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 2 051 681 (жеке тұлға).
Мемлекеттік қызмет көрсетілудің негізгі бас тартылу саны – 12 238 бірлік.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым келіп түспеген.
41 объект бойынша ішкі бақылау іс-шаралары жүргізіліп, 3 496 құқық бұзушылықтар анықталды.
Құқық бұзушылықтарға жол берген 83 жауапты қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстардың саны – 38, орындалғаны – 38.
Ішкі байқау шеңберінде анықталған мемлекеттік қызметтер көрсетудегі бұзушылықтарының жалпы саны – 257.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында халықтың арасында 200 түсіндірме іс-шарасы жүргізілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 57 қызметкер біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Шымкент қаласының әкімдігі
31