«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы»
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы» Шымкент қаласының 2025 жылдың 3-тоқсанның қорытындысы бойынша есебінің талдамалық анықтамасы
Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан барлығы: 11 640 983, жеке тұлғаларға: 11 618 324 және заңды тұлғаларға: 22 659 қызмет ұсынылды, оның ішінде:
Қағаз түрінде (кеңсе арқылы) барлығы: 221 609 (үлесі 1,9%), жеке тұлғаларға: 208 446 және заңды тұлғаларға: 13 163 қызмет ұсынылды, оның ішінде:
- көрсетілетін қызметті берушілермен кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 172 511, жеке тұлғаларға: 172 088 және заңды тұлғаларға: 423 қызмет;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілгендер саны: 49 098, жеке тұлғаларға: 36 358 және заңды тұлғаларға: 12 740 қызмет;
Электронды түрде (ақпараттық жүйелер арқылы) барлығы: 11 419 374 (үлесі 98,1%), жеке тұлғаларға: 11 409 878 және заңды тұлғаларға: 9 496 қызмет ұсынылды, оның ішінде:
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде («электрондық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 9 902 172, жеке тұлғаларға: 9 892 676 және заңды тұлғаларға: 9 496 қызмет;
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы («электрондық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 1 517 202 (жеке тұлға).
Мемлекеттік қызмет көрсетілудің негізгі бас тартылу саны – 10 240 бірлік.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым келіп түспеген.
35 объект бойынша ішкі бақылау іс-шаралары жүргізіліп, 2 974 құқық бұзушылықтар анықталды.
Құқық бұзушылықтарға жол берген 74 жауапты қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстардың саны – 31, орындалғаны – 31.
Ішкі байқау шеңберінде анықталған мемлекеттік қызметтер көрсетудегі бұзушылықтарының жалпы саны – 165.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында халықтың арасында 147 түсіндірме іс-шарасы жүргізілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 42 қызметкер біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Шымкент қаласының әкімдігі
35