«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы» Шымкент қаласының 2025 жылдың 1-тоқсанның қорытындысы бойынша есебінің талдамалық анықтамасы
Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан барлығы: 3 762 894, жеке тұлғаларға: 3 757 626 және заңды тұлғаларға: 5 268 қызмет ұсынылды, оның ішінде:
Қағаз түрінде (кеңсе арқылы) барлығы: 73 770 (үлесі 2%), жеке тұлғаларға: 69 960 және заңды тұлғаларға: 3 810 қызмет ұсынылды, оның ішінде:
- көрсетілетін қызметті берушілермен кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 60 245, жеке тұлғаларға: 60 070 және заңды тұлғаларға: 175 қызмет;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілгендер саны: 13 525, жеке тұлғаларға: 9 890 және заңды тұлғаларға: 3 635 қызмет;
Электронды түрде (ақпараттық жүйелер арқылы) барлығы: 3 689 124 (үлесі 98%), жеке тұлғаларға: 3 687 666 және заңды тұлғаларға:1 458 қызмет ұсынылды, оның ішінде:
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде («электрондық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 3 222 770, жеке тұлғаларға: 3 221 312 және заңды тұлғаларға: 1 458 қызмет;
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы («электрондық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 466 354 (жеке тұлға).
Мемлекеттік қызмет көрсетілудің негізгі бас тартылу саны – 3 228 бірлік.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым келіп түспеген.
13 объект бойынша ішкі бақылау іс-шаралары жүргізіліп, 970 құқық бұзушылықтар анықталды.
Құқық бұзушылықтарға жол берген 30 жауапты қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстардың саны – 13, орындалғаны – 13.
Ішкі байқау шеңберінде құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында халықтың арасында 56 түсіндірме іс-шарасы жүргізілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 10 қызметкер біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Шымкент қаласының әкімдігі
40