ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРАН АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРАН АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
26.11.2024 ж. №9
Дауыс беруді бастаудың басқа уақытын белгілеу туралы
«Республикалық сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабы, 1-тармағының негізінде, учаскелiк сайлау комиссиясының дауыс беру уақытын өзгерту туралы ұсынуы бойынша, Шымкент қаласы Тұран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Сайлау учаскесінде дауыс берудің басталу уақыты таңғы сағат алтыдан бастап, тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскесі тізбесі бекітілсін:
|
Р/б № |
Сайлау учаскесінің № |
Учаскенің орналасқан жері |
|
1. |
№30 |
№ 6698 әскери бөлімшесі, Б.Алпысбаев көшесі, н/з. |
- Дауыс берудің басталу уақытының өзгергені туралы азаматтардың назарына жеткізілсін.
- Осы шешім Тұран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.
- Осы шешімнің көшірмесі Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Комиссия төрағасы К. Калибеков
Комиссия хатшысы Н. Әсет
59
Жарияланған күні
27 қараша 2024 16:51
Жаңарту күні
27 қараша 2024
Түрі