Шымкент қаласындағы индустриялық аймақтың түрін және басқарушы компаниясын айқындау туралы
Шымкент қаласындағы индустриялық аймақтың түрін және басқарушы компаниясын айқындау туралы
«Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-3) тармақшасына, «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және 2024 жылғы 1 ақпандағы № 3 хаттамалық тапсырмаға сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шымкент қаласындағы «Жылыжай кешені» индустриялық аймақтың түрі өңірлік индустриялық аймақ ретінде айқындалсын.
- «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы «Жылыжай кешені» индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы ретінде айқындалсын.
- Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық
даму басқармасы, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы, Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы, «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын қажетті іс-шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Кәрімовке жүктелсін.
Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков
27