Әкім есебі
2023 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша қала әкімінің аппараты мен әкімдікке қарасты жергілікті атқарушы органдарға «е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы 23634, бұлттық құжат айналымы арқылы 4018 өтініш түскен.
«Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы түскен өтініштердің мемлекеттік органға тікелей түскені – 16612, басқа органдар мен мекемелерден қайта бағытталып келгені – 7022, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен – 459, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратынан түскені – 195, телнұсқалар – 533.
Есепті кезеңдегі мемлекеттік органда қаралған өтініштер – 20197, қарау мерзімі ұзартылғаны – 410, құзіретіне қарай толық қайта бағытталған өтініштер –3805, ішінара қайта бағытталғаны – 909, қарауға қалғандары –1388.
Өтініштердің орташа қаралу мерзімі – 10 күнді құрайды.
Өтініштердің түрлері бойынша тіркелген хаттардың 16840-ы өтініш, 1161-і шағым, 5633-і басқа да өтініштер.
Жеке тұлғалардан түскені – 18120, заңды тұлғалардан – 4397, ұжымдық өтініштер – 1117, анонимді өтініштер – 2.
8 ай қорытындысы бойынша жоғарғы тұрған органдардан 78 тапсырма түскен. Оның ішінде:
- Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінен - 17;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратынан - 54;
- Министрліктерден – 7
Өтініш берушілердің әлеуметтік сипаты
Жалпы өтініш иелері саны 12526. Оның ішінде 10972-і жеке тұлға, 1554-і заңды тұлғалар.
Сонымен қатар өтініш берушілердің басым тобы 31-40 жас аралығындағы (28.8%) азаматтар болса, 53.8 % әйел, 46,2 % ерлер.
Өтініш иелерінің 35,1% жұмыспен қамтылғандар, 24,5% өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендер, 15,5% зейнеткерлер, 11,6% әлеуметтік мәртебесі анықталмағандар, 9,2% көпбалалылар.
8 ай қорытындысы бойынша өтініштер тамыз айында көп тіркелген (2935), ең аз қаңтар айына тиесілі (2115). Апта күндеріне шаққанда өтініштер дүйсенбі күні көп түскен (5908).
Өтініштердің сипаты бойынша:
- 2023 жылдың 1-жарты жылдығының қорытындысы бойынша өтініштер көп тіркелген органдардың бестігі:
- Қала әкімінің аппараты – 6680;
- Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы – 3282;
- Білім басқармасы – 1384;
- Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы – 1367;
- Тұрғын үй басқармасы –1230;
«Qlik» талдамалық модулінен алынған мәліметтерге сәйкес өтініштердің мазмұны, сипаты бойынша ТОП 5 мәселелер төмендегідей:
- Жер және жерді пайдалану сұрақтары – 4104 (17,7%);
- Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық саласындағы сұрақтар – 2829 (11,63%);
- Құрылыс саласы– 1877 (7,7%);
- Көлік және коммуникация – 1391 (5,7%);
- Білім саласы – 1344 (12,2%);
79