«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы» Шымкент қаласының 2023 жылдың 2-тоқсан қорытындысы бойынша есебінің талдамалық анықтамасы
2023 жылдың 2-тоқсанның қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан (қызмет берушілері) барлығы: 172 мемлекеттік қызметтерді көрсету қарастырылған (ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 174/НҚ бұйрығымен жаңа қызмет түрі енгізілуіне байланысты, мемлекеттік қызметтер саны 173-ке дейін ұлғайды).
2023 жылдың 2-тоқсанның қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан барлығы: 6 582 801, жеке тұлғаларға: 6 571 596 және заңды тұлғаларға: 11 205 қызмет ұсынылды, оның ішінде:
Қағаз түрінде (кеңсе арқылы) барлығы: 50 269 (үлесі 0,8%), жеке тұлғаларға: 42 667 және заңды тұлғаларға: 7 602 қызмет ұсынылды, оның ішінде:
- көрсетілетін қызметті берушілермен кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 16 145, жеке тұлғаларға: 15 722 және заңды тұлғаларға: 423 қызмет;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілгендер саны: 34 124, жеке тұлғаларға: 26 945 және заңды тұлғаларға: 7 179 қызмет;
Электронды түрде (ақпараттық жүйелер арқылы) барлығы: 6 532 532 (үлесі 99,2%), жеке тұлғаларға: 6 528 929 және заңды тұлғаларға: 3 603 қызмет ұсынылды, оның ішінде:
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде («электроннық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 5 660 633, жеке тұлғаларға: 5 657 030 және заңды тұлғаларға: 3 603 қызмет;
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы («электроннық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 871 899 (жеке тұлға).
2023 жылдың 2-тоқсанның қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетілудің негізгі бас тартылу саны – 6 175 бірлік.
2023 жылдың 2-тоқсанның қорытындысы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым келіп түспеді.
2023 жыл бойынша ішкі мемлекеттік бақылау іс-шаралары бойынша 20 нысан жоспарланған болатын, есептік кезеңде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің хаты негізінде 4 нысан (Еңбекші әкімі аппараты және қалалық жайлы ортаны дамыту, тұрғын үй, денсаулық сақтау басқармалары) жоспардан алып тасталынды.
2023 жылдың 2-тоқсанның қорытындысы бойынша 10 нысан бойынша бақылау іс-шаралары жүрігізіліп, жалпы 75 бұзушылықтар анықталды.
2023 жылдың 2-тоқсанның қорытындысы бойынша кемшіліктерге жол берген жалпы 9 жауапты қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстардың саны – 3, орындалғаны – 3.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында халыққа 6 іс-шара жүргізіліп, іс-шараға 1612 адам қамтылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 10 қызметкер біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
34