Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және Шымкент қаласы әкімі орынбасарларының қызметтік хаттары, қала құрылыстық қорытындылары, Шымкент қаласы әкімдігінің басқармаларының хаттары, далалық зерттеу актісі, Шымкент қаласының Бас жоспары негізінде, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шымкент қаласы, Оңтүстік айналма жол (Ленгер тас жолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейін) құрылысына түсуіне байланысты осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынсын.
- Шымкент қаласы, Абай ауданы, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабынан өткен «Павлодар-Шымкент» магистральды мұнай құбырының санитарлы-қорғау аумағына түсуіне байланысты осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынсын.
- Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Тұран шағын ауданында №5 автомобиль жолының құрылысы үшін осы қаулының 3-қосымшасында көрсетілген жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынсын.
- Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Ақжайық шағын ауданындағы көше құрылысы үшін осы қаулының 4-қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.
- Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, қолданыстағы Қошқар ата және Қарасу өзендерінің бойындағы рекреациялық демалыс аймағына түсуіне байланысты осы қаулының 5-қосымшасында көрсетілген жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынсын.
13