«Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 29 қарашадағы №1509 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37, 39-баптарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 29 қарашадағы №1509 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 15-тармағы мынадай мазмұндағы 53) тармақшамен толықтырылсын:
«53) кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесуді жүзеге асырады;».
көрсетілген қаулымен бекітілген «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 25-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Қамқорлық» №8 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;».
- Осы қаулының орындалуы «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б. Нарбековаға жүктелсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Е. Білісбековке жүктелсін.
36