«Шымкент қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Шымкент қаласы әкімінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 9 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Шымкент қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Шымкент қаласы әкімінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 9 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 23 бабының 1-тармағына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Шымкент қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Шымкент қаласы әкімінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылы 23 қарашада электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің «Шымкент қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары» 1-қосымшасы осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Шымкент қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шымкент қаласы аумағында таратылатын баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
107