Шымкент қаласы әкімдігімен ұсынылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша талдамалық анықтама
2022 жылдың І тоқсанның қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан (қызмет берушілері) барлығы: 168 мемлекеттік қызметтерді көрсету қарастырылған.
Есептік кезеңге Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан барлығы: жеке тұлғаларға: 2 858 461 және заңды тұлғаларға: 7 462 қызмет ұсынылды (барлығы – 2 865 923), оның ішінде:
- көрсетілетін қызметті берушілермен кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 5 713, оның ішінде қызметтердің түрлері бойынша жеке тұлғаларға: 5 610 және заңды тұлғаларға: 103 қызмет (0,02%);
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілгендер саны, барлығы: 6 825, оның ішінде қызметтердің түрлері бойынша жеке тұлғаларға: 6 038 және заңды тұлғаларға: 787 қызмет (0,03%);
- электрондық түрде: 2 825 480 оның ішінде жеке тұлғаларға 2 823 948 және заңды тұлғаларға 1 532 қызмет ұсынылған (98,5%).
2022 жылдың І тоқсанның қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетілудің негізгі бас тартылу саны – 7674 бірлік.
2022 жылдың І тоқсанның қорытындысы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым келіп түспеді.
2022 жыл бойынша 17 нысан бойынша ішкі бақылау іс-шараларын жүргізу жоспарланып, оның ішінде есептік кезеңге 1 нысан бойынша бақылау іс-шаралары жүрігізілді.
10