Шымкент қаласының 2022 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Шымкент қаласының 2022 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
«Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 3-тармағының 7-1) тармақшасы және 62 бабының 6 тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Шымкент қаласының 2022 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- «Шымкент қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкiмiнiң бірінші орынбасары Ш.Мұқанға жүктелсiн.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Шымкент қаласының әкімі |
|
М. Әйтенов |
1