Шымкент қаласының жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы
Шымкент қаласының жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 8 бабының 2 тармағына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
- Шымкент қаласының жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- «Шымкент қаласының жерлерді аймақтарға бөлу схемасы туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 маусымдағы №32/257-5с шешімнің күші жойылды деп танылсын.
- «Шымкент қаласы мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Лауазымы Аты-жөні
90
Жарияланған күні
25 қазан 2021 09:41
Жаңарту күні
25 қазан 2021
Түрі
Жарияланды