Шымкент қаласының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 3-тармағының 24-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабы 2-тармағына сәйкес Шымкент қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қоса беріліп отырған Шымкент қаласының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары осы қосымшаға сәйкес бекітілсін;

  1. «Шымкент қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

  • осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
  • осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін;
  1. Осы қаулыны Шымкент қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

              1) осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін;

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқанға жүктелсін.

    

 

 Қала әкімі                                                       М.Әйтенов

 

 

Жарияланған күні

25 қазан 2021 10:17

Жаңарту күні

25 қазан 2021