«Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемесін ұлғайту туралы» 2020 жылғы 14 қыркүйектегі №69/628-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 505 бабына және 509 бабының 3 тармағына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
- Шымкент қаласы мәслихатының «Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемесін ұлғайту туралы» 2020 жылғы 14 қыркүйектегі №69/628-6с шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні
7
21 қазан 2021 10:02
21 қазан 2021