Денсаулық сақтау басқармасының 2026 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары
1. Халыққа сапалы шұғыл көмек көрсету мақсатында жедел жәрдем қызметіне 2025-2026 жылдары 65 арнайы автокөлік алынды. Жедел жәрдем көліктері 54,2% ға жаңарды. Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 240 бейнежетон қызметке қосылды.
2. 16 мектепте стоматологиялық кабинет ашылып, жабдықтармен қамтамасыз етілді.
3. YANDEX карталарын қолдану арқылы пациентке жедел жәрдем көлігінің орналасқан жерін онлайн көру. Қазіргі таңда 1-санаттағы шақырту бригадаларына қосылды. Алдағы уақытта 2,3 санаттағы шақырту бригадаларына қосу жоспарлануда.
4. 250 маманға менторлық жолмен 8 тақырып бойынша мастер-класстар өткізілді (Ресей) 33 маман Литва Республикасында, 2 маман Беларусь Республикасында, 19 маман Ресей Федерациясында біліктілігін арттырды.
5. Шымкент қаласында «ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығының күндері» өтті. Бұл іс-шара қала тұрғындарына заманауи медициналық көмек көрсетуге бағытталған.
6. Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханада 256-ші бүйрек транплантациясы сәтті жүргізілді.
7. Алғаш рет Шымкент қаласындағы онкологиялық ауруханада кеңірдек бифуркациясын резекциялау және жаңа бифуркация қалыптастыру отасы сәтті жасалды.
8. Шымкент қалалық көпбейінді онкологиялық орталығында алғаш рет 2 науқасқа лапароскопиялық панкреатодуоденальды операция және сүйек кемігін трансплантациялау жүргізілді. Заманауи аз инвазивті емдеу әдістері енгізіліп, жыл сайын 10-нан астам елдің мамандары қатысатын халықаралық шеберлік сабақтары өткізіледі. Сонымен қатар, бүйрек ісігін емдеуде криоабляция әдісі алғаш рет қолданылып, 8 науқасқа аз инвазивті ем жүргізілді.
9. 4 ЧКВ орталығы (Жүрек орталығы-2, Хадиша, Кардиомед), 14 құзіреттілік орталығы ашылды.
10. «Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында 857 280 рецепттің 700 733-і орындалып, жоспардың 81,7%-ы қамтамасыз етілді (Астана – 62,5%, Алматы – 75,3%). Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесі аясында 7 938 821 таңбаланған дәрілік зат қабылданып, оның 6 801 501-і (85,7%) пайдаланылып, айналымнан шығарылды.
11. 2026 жылы «Госпитальдық фармация» бөлімшелері 4 медициналық ұйымда ашылып, қызмет көрсететін ұйымдардың жалпы саны 12-ге жетті.
12. Екі медициналық ұйымға (Қалалық балалар клиникалық ауруханасы мен Онкологиялық орталығы бар көпбейінді аурухана) заманауи компьютерлік томография (КТ) аппараты сатып алынып, пайдалануға берілді.
13. 91 медициналық ұйымдардың Ұлттық аккредиттеуден 66 өтті (73%).
14. Жоғары технологиялық медициналық көмек аясында 2026 жылдың 3 тоқсанында барлығы 429 ота жасалды.
15. Қалалық перзентханада «Бір күндік клиника», «Неонаталды хирургия»; Қалалық клиникалық балалар ауруханасында «Балалар кардиохирургиясы» ашылды.
16. Жасанды интеллектіні денсаулық сақтау жүйесіне енгізу жұмыстары жалғасын табуда. «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп смарт бейнежетондар, телемедицина, стационардағы бейнебақылау, «суық тізбек» 4 цифрлық жоба енгізілді.
17. CEREBRA AI жүйесі компьютерлік томография арқылы инсульт белгілерін ерте анықтауға арналған заманауи жүйе. Қазіргі таңда №2 Қалалық ауруханаға енгізілді.
18. PACS ЖҮЙЕСІ онкологиялық ауруларды ерте анықтауға және диагностикалық шешімдерді жедел әрі сапалы қабылдауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта 21 медициналық ұйымға енгізіліп, жұмыс істеуде.
19.
8