Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының атқарған жұмыстары туралы

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты жалпы 35 спорт ұйымы жұмыс жасап, 65 спорт түрі дамытылуда.

Спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу процесін жүргізу үшін жалпы 1121 жаттықтырушы (штаттағы 795 жаттықтырушы) қызмет атқарады. Спорттық мекемелерде 18 242 спортшы тұрақты түрде жаттығуларға қатысуда.

Дамытылатын спорт түрлерінен 22 олимпиадалық, 2 олимпиадалық емес, 2 паралимпиадалық, 1 сурдлимпиадалық және 10 ұлттық басым спорт түрлері бар.

2026 жылы жергілікті бюджеттен дене шынықтыру және спорт саласына 21,8 млрд теңге бөлінген.

Оның ішінде бұқаралық спортты дамытуға 319 млн теңге бөлініп, қазіргі таңға 25 спорттық-бұқаралық іс-шара  өткізілді, жылдың соңына дейін 29 спорттық-бұқаралық іс-шара  өткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының дене шынықтыруды дамыту және іс-шараларды өткізу дирекциясының 31 спорт нұсқаушысы қаламыздың 13 саябақ пен алеяларда қала тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануы үшін таңғы жаттығуларды өткізуде.

 

СПОРТТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Шымкент қаласында спорттық инфрақұрылымды дамыту – тұрғындардың спортпен жүйелі айналысуына жағдай жасаудың негізгі тетігі. Қала аумағында қазіргі уақытта 877 спорттық нысандар бар.

Оның ішінде дене шынықтыру спорттық мәндегі нысандар – 589, білім беру ұйымдарда – 253, спорт мектептерінде – 35 (оның ішінде жекеменшік – 184).

2026 жылы қаламызда спорттық инфрақұрылымды дамыту үшін                   2 жаңа спорт нысанының құрылысы жоспарлануда:

Анықтама:

- Қаратау ауданы, Тұран шағын ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы. ЖСҚ демеуші тарапынан әзірленді. Жер көлемі 2,4 га;

- Базар қақпа тұрғын алабындағы стадион аумағында қосымша спорт нысан құрылысы (ЖСҚ әзірленді).

2026 жылы 2 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде:

Анықтама:

- Қаратау ауданы, Тұран‑2 шағынауданында сыйымдылығы 60 000 көрерменге арналған жаңа стадионның құрылысы.

- Қаратау ауданы, Тұран шағын ауданындағы «Паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт кешені» құрылысы.

 

2026 жылы спорт инфрақұрылымының қолданыстағы нысандарын сақтау және жаңарту мақсатында келесі нысандарға ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда:

Анықтама:

- «Мұз сарайы» ғимаратына ағымдағы жөндеу;

- Локомотив стадионының ағымдағы жөндеу;

- Шаумяна көшесіндегі футбол алаңшасына ағымдағы жөндеу;

- Кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің ғимараты күрделі жөндеу;

- «Орталық су спорт кешені» ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары.

Оған қосымша, қала орталығынан шалғай орналасқан елді мекендерді спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін жер телімдер қарастырылып, заңдастыру жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда:

Тұран ауданы, Ақтас тұрғын алабында кадастр №22:336:069:026, көлемі 0,32 га;

Әл-Фараби ауданы, Ақтас-2 тұрғын алабында кадастр №22:328:031:016, көлемі 2 га;

Еңбекші ауданы, Бадам-2 тұрғын алабында кадастр №19:309:264:106, көлемі 0,70 га;

Абай ауданы, Көкбұлақ тұрғын алабында кадастр №22:336:055:001, көлемі 0,64 га;

Абай ауданы, Қызылжар шағын ауданында кадастр №22:327:062:410, көлемі 1,9 га жер телімі заңдастырылды.  Алдағы уақытта, спорттық нысандар құрылысын жүргізу үшін («Самұрық Қазына» АҚ) қалалық құрылыс басқармасына ұсыныс берілді.

      Жоғарыда аталған спорттық нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын жүргізу қаламыздағы спорттық инфрақұрылымның дамуына және туризмнің дамуына оң нәтижесін беретін болады.

 

ЖОҒАРЫ СПОРТ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Спорт түрлері бойынша 2026 жылдың 8 айында қала спортшылары Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып, 526 алтын, 490 күміс, 531 қола медаль жеңіп алды. Жалпы 1547 медаль. (ҚР Кубоктарында 39-алтын, 40 – күміс, 31 – қола).

Азия чемпионаттарында қала спортшылары 41 алтын, 53 күміс және 25 қолаға қол жеткізсе (жалпы 119 медаль), (Ал, кубоктарында қала спортшылары, 14–алтын, 12-күміс және 5-қола медальге қол жеткізсе), осы уақыт арасында Әлем чемпионаттарында 15 алтын және 10 күміс, 8 қола, (Әлем Кубоктарында қала спортшылары, 20-алтын, 12 күміс және 8-қола) медальге ие болды.

2026 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша: 2 ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушы, 2 ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, 26 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 97 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 560 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық командасының ересектер құрамасына 440, жастар құрамасына 407, жасөспірімдер құрамасына 377 спортшымыз енген. Жалпы 1224 спортшы Ұлттық команда сапында еліміздің намысын қорғайды.

 

Ағымдағы жыдың 06-22 ақпан аралығында Италия мемлекеті (Милан және Кортина д'Ампеццо қ.қ.) өткен ХХV Қысқы Олимпиада ойындарына фристайл-акробатикадан 4 спортшы қатысты.

Спортшылардың (FIS) (Халықаралық шаңғы спорты федерациясы) рейтингісіндегі көрсеткіштері бойынша,

  1. Асан Асылхан Маратұлы- 16 орын
  2. Хаширбаев Шерзод Дильмуратович - 20 орын
  3. Райымқұлов Дінмұхаммед Есенұлы - 18 орын
  4. Жолдас Аяна - 17 орынды иеленді.

 

11-22 қаңтар аралығында Доха қаласында (Катар) стенд атудан Азия чемпионаты өтті. Нәтижесінде қала спортшылары
5 алтын, 4 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды.

 01-14 ақпан аралығында Нью-Дели қаласында (Үндістан) нысана атудан Азия чемпионаты өтті. Нәтижесінде қала спортшылары 6 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.

Осы жарыста Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Шульженко София бір финалда 358.2 ұпай жинап нысана көздеуден Әлем және Азияның рекордын жаңартты.

Анықтама: * Ересектер арасындағы әлемдік рекорд (WR);

* Жасөспірім қыздар арасындағы әлемдік рекорд (WRJ);

* Ересектер арасындағы Азия рекорды (AsR);

* Жасөспірім қыздар арасындағы Азия рекорды (AsRJ).

 9-17 наурыз аралығында Рим қаласында (Италия) каратэ WKF спорт түрінен Азия ойындарына іріктеу болып саналатын «Премьер Лига» рейтингтік халықаралық турнирінде қала спортшысы Берульцева София жоғары дәрежеде өнер көрсетіп алтыннан алқа тақты.

 26 ақпан – 02 наурыз аралығында Тирана қаласында (Албания) грек-рим күресінен «Muhamet Malo» рейтингтік халықаралық турнирінде спортшымыз Шермаханбет Мейіржан жеңімпаз атанса, Фидаметов Ернур қола жүлдені иеленді.

 

2026 жылдың қыркүйек айында Бішкек қаласында (Қырғызстан) VI Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары өтіп жатыр.

Шымкент ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама команда сапында келесі спорт түрлерінен спортшыларымыз қатысуда:

Асық ату (1 спортшы);

Қазақ күресі (1 спортшы);

Аударыспақ (1 спортшы);

Көк бөрі (2 спортшы);

Алыш күресі (1 спортшы)

Нәтижесінде – Анарбекұлы Нұржігіт (асық ату «ОРДО» командалық) ІІІ-орын, Қожагелдіұлы Нұрсұлтан (Алыш күресі)                ІІІ-орын, Бақтыбайұлы Нұрдаулет (қазақ күресі) ІІ-орын, Төлеп Нұрислам және Сайдулла Әзірет (көкпар командалық) ІІ-орын, Расул Құрайыш (аударыспақ)  ІІ-орын.

 

Жалпы Шымкент қаласының спортшылары ел қоржынына             3 күміс, 2 қола медаль салды.

Анықтама: 2024 жылы Астана қаласында өткен 5-Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын 18 спортшы қорғап, нәтижесінде спортшыларымыз ел қоржынына 7 алтын, 5 күміс, 4 қола медаль жеңіп алған болатын.

4 жылда бір рет өтетін Азия мемлекеттерінің қатысуымен 20-шы жазғы Азия Ойындары 2026 жылғы 19 қыркүйек – 4 қазан аралығында Айти және Нагоя (Жапония) қалаларында өтеді.

Жарыс бағдарламасына 71 дисциплинаны қамтитын                          43 спорт түрі кірген. Спортшылар жалпы 469 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Жазғы Азия Ойындарына Шымкент қаласынан 20 спорт түрінен                    45 спортшы қатысады.

Анықтама: 2023 жылдың 23 қыркүйек – 8 қазан аралығында Ханчжоу (Қытай) қаласында ХІХ жазғы Азия Ойындарына Шымкент қаласынан спорттың 23 түрінен 66 спортшымыз қатысты.Нәтижесінде, Шымкент қаласының спортшылары 5 алтын, 10 күміс, 11 қола медаль жеңіп алды.

 

2026 жылдың қазан-қараша айында Дакар қаласында (Сенегал) жасөспірімдер жазғы Олимпиада ойындарына жеңіл атлетикадан 1 спортшымыз (Сажнев Максим) жолдама алды.

 

 

Жарияланған күні

21 қазан 2026 12:07

Жаңарту күні

21 қазан 2026