2026 ЖЫЛҒЫ 13 ҚАЗАНДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ №153 ШЕШІМІ
Шымкент қаласы аумақтық сайлау
комиссиясының «Шымкент қаласы
мәслихатының депутаттарын сайлау
бойынша аумақтық сайлау округтерін
құру туралы» Шымкент қаласы
аумақтық сайлау комиссиясының
2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 32
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабы 12) тармағына негізделіп, Шымкент қаласы аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
- Шымкент қаласы аумақтық сайлау комиссиясының «Шымкент қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 32 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 3-тармағына, 22-бабының 1 және 2-1-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 шілдедегі № 27/54 «Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерін құру тәртібі туралы» қаулысына сәйкес Шымкент қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:»;
көрсетілген шешімнің 2 тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қосымшаға сәйкес Шымкент қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша 16 бірмандатты аумақтық сайлау округтері құрылсын.»;»
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Шымкент қаласы мәслихатының және Шымкент қаласы әкімі аппаратының назарына жеткізілсін.
- Осы қаулы жергілікті газеттерде, сондай-ақ Шымкент қаласы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға Қ.Құнанбаев
Хатшы Ұ.Исабаева
23