ДІНИ БІРЛЕСТІК ЖӘНЕ МИССИОНЕРЛІК ҚЫЗМЕТ

ДІНИ БІРЛЕСТІК ЖӘНЕ МИССИОНЕРЛІК ҚЫЗМЕТ
  1. Діни бірлестік және миссионерлік қызмет

         Шымкент қаласының дін істері басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) өз қызметін Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.

         Қалада 12 конфессияны білдіретін 33 діни бірлестік тіркелді:

         - ислам бағыты 1 (Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы) - 104 мешіт;

         - исламдық емес бағыт – 32 (православие - 6, католик - 1, еврей - 1, Елуінші күн - 7, пресвитериан - 5, Иеһоба Куәгерлері - 3, христиан баптисттері - 5, адвентистер - 1, толық інжіл (новая жизнь) - 1,  Бахаи сенімі  - 1, Кришна санасы -1) шіркеулер.

         Қазіргі таңда екі конфессияға арналған үш ғибадат үйлерінің құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша филиалына тиеселі 2 мешіт және Орыс Православие Шіркеуінің Мәскеу Патриархаты, Қазақстан Республикасындағы Митрополит округі, Шымкент және Түркістан Епархиясына қарасты 1 шіркеудің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

         Сонымен қатар, ҚМДБ-ға қарасты Шымкент қаласы, Абай ауданы,    Ынтымақ-2 тұрғын алабы, №1111 ғимарат мекенжайында орналасқан             «Ілияс ата»  мешіттің құрылыс жұмыстары аяқталып, 2026 жылғы 6 қараша күні ашылуы жоспарланған, ашылуы бойынша ҚР МАМ Дін істері комитетіне хат жолданған (№ 43-02-100/331 08.09.2026ж.).

         Діни қызметкерлер туралы ақпарат

         ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша филиалының деректері бойынша қалада 288 діни және 10 азаматтық қызметкер қызмет атқарады (бас имам - 6, имам – 92, наиб-имам - 72, азаншы - 13,  ұстаз – 79 (оның ішінде 37 әйел ұстаз), молда – 26, сондай-ақ    2 іс-басқарушысы және 8 есепші бар). Діни қызметкерлердің басым бөлігі жоғары және орта діни білім алған 249 қызметкер, ал 39 қызметкер біліктілікті арттыру курстарын тәмамдаған.

         Исламдық емес корпуста 70 діни қызметкер (діни қызметкерлер - 50, дьякондар - 10, басқалары - 10) бар, оның ішінде жоғары білімі бар шіркеу қызметшілері-70 (100%).

         Миссионерлер туралы ақпарат

         Шымкент қаласының аумағында 9 миссионер тіркелген және олар келесідей конфессияларды білдіреді:

  • католик шіркеуі 6 (АҚШ - 1, Италия Республикасы - 1, Аргентина Республикасы - 2, Украина Республикасы, Тәжікстан Республикасы - 1);
  • баптисттік шіркеу - 1 (Корея Республикасы);
  • пресвитериан шіркеуі - 1 (Корея Республикасы);
  • елуінші күн шіркеуі - 1 (Корея Республикасы).

         Оның ішінде: 1 - АҚШ (Датчер Элизабэт Эн), 1 - Италия Республикасы (Синаччиоли Лоренцо), 2 - Аргентина Республикасы (Куручет Эстебан Мариа, Эспиноса Сониа Беатрис - 2026 жылы жаңадан келген миссионер), 1 - Украина Республикасы (Шаламая Ксения), 1 - Тәжікстан Республикасы (Петрова Мария Михаиловна),                    3 - Корея Республикасы (Пак Гын Дже,  Чой Джехюн, Тен Гун Ен).

Жаңалықтар

Барлық жаңалық