Спорт

Спорт

Шымкент қаласының дене шынықтыру спорт басқармасының қарамағында 35 спорттық ұйым жұмыс жасайды. Аталған мекемелерде спорттың 65  түрі дамытылып,  19 176  спортшымен штаттағы 1130  жаттықтырушы оқу-жаттығу сабақтарын жүргізуде.

-     2 жоғары спорт шеберлігі мектебі;

-     16 балалар-жасөспірімдер спорт мектептері;

-     1 мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебі;

-    1 олимпиада резервін даярлау орталығы;

-    5 спорт клубы; (Кәсіби 2 клуб)

-     "Шымкент қаласының спорт ғимараттары дирекциясы" МКҚК;

-   "Дене шынықтыруды дамыту және іс-шараларды өткізу дирекциясы"  КММ

-     "Орталық су-спорт кешені" МКҚК;

-     "дәрігерлік-дене шынықтыру диспансер";

-    "Спорт сарайы" ЖШС;

-   5 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында

Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде балаларды, жасөспірімдерді, юниорларды және жастарды, олардың ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарды (бұдан әрі – мүгедектігі бар адамдар), спорт түрлерінен дайындау мақсатында қосымша білім беру оқу бағдарламаларын іске асырылады.

Спорт мектептерінің негізгі мақсаттары:

1) оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту;

2) оқушылардың белгілі бір спорт түріне қабілетін анықтау;

3) оқушыларды спорт түрлеріне оқыту және моральдық-ерік қасиеттерін тәрбиелеу.