Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриaлды-инновациялық даму басқармасы

«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы:  Шымкент қаласының  кәсіпкерлік және индустриaлды-инновациялық даму басқармасы.

Орналасқан жері: «Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновциялық даму басқармасы» ММ, Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev  даңғылы 10.

пошталық мекенжайы: 160000.

байланыс телефоны: 8 (7252) 24-74-23, 24-75-25, 24-74-27.

Конкурс нысанасы: «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: Шымкент қаласының  кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы.  Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі, 304Г, «Заңғар» бизнес орталығы,  «Бизнеске арналған үкімет».

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға жеке өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінім және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын ұсынады.

          Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2021 жылғы «5» сәуірінен  бастап 2021 жылғы «19» сәуір қоса алғанда, жұмыс күндері сағат 10:00-ден
17:00-ге дейін  (жергілікті уақытпен).

Өтінімдерді берудің басталатын күні мен уақыты: 2021 жылғы
«5» сәуірі сағат 10:00-ден бастап (жергілікті уақытпен)

Өтінімдерді берудің аяқталатын күні мен уақыты: 2021 жылғы
«19» сәуір сағат 13.00-ге дейін (жергілікті уақытпен)

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.

Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты shymkent.gov.kz, «Кәсіпкерлік» бөлімінде танысуға болады.

Жаңалықтар

Барлық жаңалық