Шымкент қаласы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары

Мемлекеттік орган

Шымкент қаласының әкімдігі

Аймақ

Шымкент қаласы

Санат

D-O-2

Орташа лауазымдық айлықақы

426651

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-2, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы
  6. ғылыми дәрежесі;
  7. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Өнер
  • Құқық
  • Ветеринария
  • Білім (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)

Қосымша талаптар

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, гуманитарлық  ғылымдар, білім,  техникалық ғылымдар және технологиялар,  жаратылыстану ғылымдары,  қызмет көрсету, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), ауылшаруашылық ғылымдары, ветеринария, өнер.

Функционалды міндеттер

Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде басқарма басшысының орынбасары;Жоғары тұрған мемлкеттік органдар мен лауазымды адамдарға сала бойынша жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;Өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру аясында белгіленген лауазымдық өкілеттіктерін атқару үшін қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен алуға;Өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға, тиісті органдармен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;Лауазымдық өкілеттіктерін атқару үшін жергілікті атқарушы органдарымен өзге ұйымдарына белгіленген тәртіппен баруға;Қазақстан Республикасының Конституциясында және Заңдарында кепілдік берілетін өзгеде құқықтармен бостандықтарды пайлалануға құқылы;Басқарма басшысының орынбасарының өзге де құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленуі мүмкін;Құжаттар, тапсырмалар, тапсырыстар, ұсыныстар, өтініштер, азаматтардың шағымдары және басқа да корреспонденциялардың белгіленген мерзімде орындалмау фактісі жайлы басшылыққа баяндайды;Мөрлерді, мөртабандарды және бланкілерді тіркеу журналының талапқа сай жүргізілуіне басшылық пен бақылау жасайды;Жеке  және  заңды  тұлғалардың  өтініштерін  қадағалау. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ОҚО бойынша филиалының ішкі тәртібіне сәйкес материалдық құндылықтарды әкімшілік ғимаратына алып-кіру және шығаруды қамтамасыз етеді; Басқарма мен бөлімдерінің номенклатуралық ісін әзірлеуді бақылауға алады;  Әр ай сайын атқарған қызметі бойынша басқарма басшысына есеп беру; Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда мемлекеттiк орман қоры аумағында өрттердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзiрлеу және iске асыруға ат салысу; Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ ұйымдардың өрт сөндiру техникаларын, көлiктерi мен басқа да құралдарын ормандағы өрттердi сөндiруге тарту тәртiбiн айқындау, осы жұмысқа тартылған жеке тұлғаларды жүрiп-тұру өрт сөндiру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етуге қала әкімдігіне ұсыныс енгізу; Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда өрт қаупi болатын маусымда мемлекеттiк орман қоры аумағында өрттердi сөндiру үшiн жанар-жағар май материалдарының резервiн жасау; Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында, өрт қауiпсiздiгi ережелерiн орындау туралы мәселелердiң тұрақты берiлуiн ұйымдастыру; Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда өртке қарсы күрес жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру, қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссиялар құру; Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда орман зиянкестерiмен және ауруларымен күрес және орманның санитарлық жай-күйiн жақсарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдасытру; Өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзiрлеу және бекiту, оларды күзетудi, қорғауды және қалпына келтiрудi, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз ету; Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар жүргiзген кезде, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман пайдалану құқығын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға қала әкімдігіне ұсыныс енгізу; Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда уәкiлеттi органға беру үшiн өздерiнiң функционалдық қарауындағы орман қорының мемлекеттiк есебi, мемлекеттiк орман кадастры, мемлекеттiк орман мониторингi жөнiнде материалдар әзiрлеу; Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде аяқталған объектiлердi және орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдердi қабылдау; Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшелемелерін (сүректі түбірімен босату үшін мөлшемелерді қоспағанда) жобаларын әзірлеу; Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда уәкілетті органның және жергілікті өкілді органның қатысуымен өздерінің қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді пайдалануға беру жөнінде тендерлер ұйымдастыру және өткізуге ат салысу; Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда Көгалдандыру үшін отырғызылатын материалдарды өсіру, орман тұқымбағын жинау, өзге екпелерді отырғызу, орман қорында халыққа жүк тасымалдау жөнінде көлік қызметін өткізу арқылы ақылы қызметтер көрсету; Заңды тұлға мәртебесi бар жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететiн қызметтер үшiн тарифтер мөлшерiн бекiтуге қала әкімдігіне ұсыныс енгізу; Басқармаға тиесілі мекемелерге ішкі бақылау жасау және қадағалау; Азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну жұмысын жеңілдетіп, өтінімдерді бақылау ісін жетілдіретін «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінен түскен сұрақтарды тиесілі бөлімдерге жүктеу; Құқықтық статистика және арнайы есепке алу бойынша ақпараттың ұсынылуын қадағалау; Қоршаған ортаның сапасын жақсартуға және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жобалар мен іс-шараларды іске асыруды.; Қоршаған ортаны қорғау іс-шараларды және жоспарларды әзірлеуге және жүзеге асыруға, табиғатты қорғау обьектілерін қалпына келтіру және реконструкциялау (рекультивация) жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды; Қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын жоспарлауға бөлінетін қаржылардың мақсатты және толық пайдаланылуын бақылау, мердігерлермен жасасқан келісім-шарттардың орындалу барысын және орындалған жұмыстардың актілері мен есептерін дер кезінде тапсырылуын бақылауға; Қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар мен инвестициялық жобаларды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу,оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс етуді қамтамасыз етуге; Қалдықтар саласына қатысты барлық іс-әрекеттерге толық қатысады және орындалуын қамтамасыз етуге; Экологиялық кодекске сәйкес II, III, IV санатқа жатқызылған объектілердің мемлекеттiк экологиялық сараптамасын ұйымдастырылуын және жүргiзілуін қадағалауға; Экологиялық кодекске сәйкес II, III, IV санатқа жатқызылған объектілердің қоршаған ортаға эмиссияларына рұқсатты ресімдеу мен беруді жүзеге асыруына басшылық жасау; Әзірленген жобалық құжаттамалар негізінде қоршаған ортаға шаруашылық қызметтің әсерін бағалауға, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша ұсынылатын шаралардың негізділігі мен жеткіліктігіне, жоспарланатын шаруашылық қызметтің қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне кешенді талдау жүргізуге; Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсатты рәсімдеу барысында Экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес рұқсат алу үшiн табыс етiлген материалдардың  толықтығы және дұрыстығын тексеруілуіне басшылық жасауға;  Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргізуді және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсат беруді жүзеге асырудың белгіленген мерзімі мен тәртібінің сақталуына басшылық етуге; Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттерінің орындалуына  бақылау және мониторинг жүргізуге; Келісім шарттардың  қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз ету; Жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша комиссияға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану мәселелері  бойынша сарапшылық комиссиясына материалдардың әзірленуін қамтамасыз ету; Бассейндік су шаруашылығы басқармаларымен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу жөнінде жұмыстарды ұйымдастыруға;Бассейндік су шаруашылығы басқармаларының келісімімен су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеуді қамтамасыз етуге қала  әкімдігіне ұсыныс енгізу; Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беруді ұйымдастыру; Жер үстi су объектiлерi жоқ, бiрақ ауыз су сапасындағы жер асты суларының жеткiлiктi қорлары бар аумақта осы суларды ауыз сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн пайдалануға заңнамамен белгіленген тәртіппен рұқсат беру туралы жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізу; Бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысу, су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, су бұру жөніндегі ұсыныстарды бассейндік кеңестердің қарауына енгізу, бассейндік кеңестердің ұсынымдарын зерделеу, оларды іске асыру жөнінде шаралар қолдану жөнінде ұсыныстар беру; Су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету; Судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындармен басқа да құрылыстарды орналастыруды және пайдалануға берудi, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс, түбiн тереңдету және басқа да жұмыстарды жүргiзу шарттарын келiсу; Тиiстi аумақтарда орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асыру; Мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізеді, иесіз су шаруашылығы құрылыстары табылған жағдайда Қазақстан республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдерді жүргізеді; Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;Бассейндік су шаруашылығы басқармаларымен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және санитарлық қорғау аймақтарын белгілейді; Бассейндік су шаруашылығы басқармаларының келісімімен су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілейді; Конкурстық негізде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға береді; Бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысады, су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі ұсыныстарды бассейндік кеңестердің қарауына енгізеді, бассейндік кеңестердің ұсынымдарын зерделейді, оларды іске асыру жөніндегі шаралар қолданады; Су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі, оның ішінде жерді гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді; Қаланың гидрологиялық жүйесіне түгендеме жүргізу; Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды (қосымша келісімдерді) тіркейді және сақтайды;Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру; Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша мемлекеттің қатысуымен құрылған акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің құрылтайшысы болады; Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыру; Су шаруашылығы құрылыстарындағы авариялардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады; Шымкент қаласында орналасқан су объектілерінің, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асырады; Коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарын басқарады, оларды қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады; Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын әзірлейді; Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу және уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асырады; Су пайдаланушылар арасында уәкілетті органмен бекітілген су пайдалану лимиттерін бөледі; Өнеркәсіптік кәсіпорындарда суды қайтара пайдалану жүйесін және сарқынды суларды тыңайтқыш, залалсыздандыру, дезинсекция сияқты және т.б. жаңа өнімдер алуды енгізу; Ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізу; Қала аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулауға рұқсат беру; Қаланың гидрологиялық жүйесіне түгендеме жургізу; Жергілікті маңызы бар барлық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекітуді жүзеге асыруға қала әкімдігіне ұсыныс енгізу; Табиғат қорғау объектілерінің құрылысы және қайта жаңғырту, дамыту, Шымкент қаласының аумағында саябақтар, скверлер мен жасыл желектерді салу, реконструкциялау, абаттандыру, гидротехникалық құрылыстар, жалпы пайдаланудағы саябақтарды, скверлерді, бульварларды қайта пайдалануға беру (қажетті ақпаратты, мәліметтерді, деректерді, бастапқы материалдарды немесе құжаттарды сұрату, алу), жаңғырту және күтіп ұсталуын үйлестіруді және оларға мониторинг жүргізуді жүзеге асыру; Табиғатты пайдалануды реттеу саласында және Шымкент қаласының жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыру; Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін, үлгілік қағидалар негізінде әзірленген жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларын және қала аумағын абаттандыру қағидаларын әзірлеу және мәслихатқа бекітуге ұсыну; Жасыл желектерді отырғызу, жасыл екпелерді сақтау, егу, Шымкент қаласының көгалдандырылған аумақтарын дамыту саласында қалалық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау, қаланың көгалдандыру стратегиясын жүргізу; Белгіленген тәртіпте жасыл екпелерді түгендеу, орман-патологиялық зерттеу және күйі мен санына мониторинг жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; Ағаштарды кесуге рұқсаттар беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету және өтемдік ағаш отырғызудың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу; Бір қаланың аумағында орналасқан, жергілікті, халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру бойынша конкурстар өткізу; Ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізу; Қаланың су құбырларын, ирригациялық жүйесін тазартуды, құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады, қаланың коммуналдық меншігіндегі саябақтарды, скверлерді, ирригация жүйелерін, ұңғымаларды және фонтандарды, ескерткіш нысандарын өз дәрежесінде күтіп ұстауды ұйымдастыру; Су объектілерін, су қорғау аймақтары мен белдеулерін, суару жүйелерін тиімді пайдалану, ұстау және қорғау, жерүсті суларын ағызу бойынша, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау объектілерін дамыту бойынша жобаларды әзірлеу, келісу және сүйемелдеу; Көгалдандыру үшін отырғызылатын материалдарды өсіру, орман тұқымбағын жинау, өзге екпелерді отырғызу, орман қорында халыққа жүк тасымалдау жөнінде көлік қызметін өткізу арқылы ақылы қызметтер көрсету; Саябақ аумақтарын, жағалауларды, көлік объектілерін және басқа да қоғамдық аймақтарды абаттандыру бойынша үздік тәжірибелерге сәйкес, халықтың барлық тобына қол жетімділікті қамтамасыз ете отырып, қалалық ортаны абаттандыру және көгалдандырудың бірыңғай стандарттарын әзірлейді, іске асырады және үйлестіреді; Аумақтардың ерекшеліктерін, тұрғындардың қажеттілігін, экономикалық және экологиялық басымдықтарды ескере отырып, саябақтар, скверлер, қоғамдық кеңістіктерді, көгалдандырылатын аумақты, өзендер мен көлдердің жағалауларын жобалау, салу және қайта жаңғыртудың тұжырымдамаларын әзірлеуді жүзеге асырады; Табиғатты қорғау объектілері, саябақтар, скверлер, бульварлар және жалпы пайдаланудағы көгалдандырылған аумақтың құрылысын және қайта жаңғыртылуын үйлестіруді және мониторинг жүргізуді жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орманды пайдалану құқығын, ормандардың жай-күйі мен өндірісі үшін қауіп төндіретін жұмыстарды тоқтата тұру, шектеу, тоқтату; Қаланың су құбырларын, ирригациялық жүйесін тазартуды, құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады, қаланың коммуналдық меншігіндегі саябақтарды, скверлерді, ирригация жүйелерін, ұңғымаларды және фонтандарды, ескерткіш нысандарын өз дәрежесінде күтіп ұстауды ұйымдастыру; Саябақ аумақтарын, жағалауларды, көлік объектілерін және басқа да қоғамдық аймақтарды абаттандыру бойынша үздік тәжірибелерге сәйкес, халықтың барлық тобына қол жетімділікті қамтамасыз ете отырып, қалалық ортаны абаттандыру және көгалдандырудың бірыңғай стандарттарын әзірлейді, іске асырады және үйлестіреді; Орман пайдаланушыларға орман ресурстарын сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарда, аңшылық шаруашылығы қажеттіліктері, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген қарауындағы мемлекеттік орман қорының жерлерінде құрылыс обьектілеріне учаскелер беру және осы учаскелерді осындай обьектілерді салу үшін пайдалануға рұқсаттар беру;

Функционалдық блок: А-10

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 15.06.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.06.2021 – 18.06.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

22.06.2021

Сұхбаттасу орны

Шымкент қаласы, Нұрсат ш/а, Nursultan Nazarbaev даңғылы №10-үй

Анықтама алу үшін байланыс

24-70-63, эл. почта  konkurs-shymkent@inbox.ru