"Қошқар ата" учаскесіндегі өзен жағалауының габиондарын жөндеу жұмыстары

Сипаттамасы

Шымкент қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы "Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы" МКҚК-ның "Қошқар ата" учаскесіндегі өзен жағалауының габиондарын жөндеу жұмыстары.

Тапсырма

Қошқар ата өзенінің жағасындағы көлемі 5340 шаршы метрге габиондарды металл тормен қаптау.

Мақсаты

Қошқар-ата өзенінің жағалауындағы габиондарды жөндеу жұмыстарының мақсаты шомылушылар мен серуендеушілерге қолайлы жағдай жасау.

Іске асыру мерзімі

  1. Жобаны бастау - ақпан айында.
  2. Жобаны іске асыру - 01.03.2020 ж.
  3. Жобаның аяқталуы - 01.05.2020 ж.