Шымкент қаласы әкімінің тұрғындармен есепті кездесуі

Жарияланған күні: 14 ақпан 2020
Шымкент қаласы әкімінің тұрғындармен есепті кездесуі

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өткен жылды қорытындылап, халық алдында есеп берді. «Түркістан» сарайында өткен есепті кездесуде әкім 2019 жылы қаланың экономикалық және әлеуметтік салаларында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жылда іске асырылатын жұмыс жоспарлары туралы баяндады.