14 АҚПАН КҮНІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРЕДІ


2020 жылғы 14 ақпанда сағат 11.00-де «Түркістан» сарайында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2019 жылдың қорытындысы бойынша халық алдында есеп береді.
Қала әкіміне қойылатын ұсыныс-пікірлеріңізді жазбаша түрде аудан әкімдіктерінде орнатылған жәшіктерге салуларыңызға болады.
Сондай-ақ, сауалдарыңызды қала әкімдігінің WhatsApp (8 747 720 1717) нөміріне немесе akimge_surak@mail.ru электронды поштасына жазып жіберулеріңізге болатынын хабарлаймыз.
Оқиға күні
14 ақпан 2020
Оқиға түрі
Есеп беру кездесуі