АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Шымкент қаласының аумағында цифрландыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырудағы жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыру. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету. 

Құқықтары мен міндеттері:

  1. бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, қала әкімдігі қаулыларының жобасын дайындауға қатысады;
  2. заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, аудандардың жергілікті атқарушы органдарынан, басқа да ұйымдардар өзіне жүктелген қызметті жүзеге асыруға қажетті мәліметтер сұратады, сондай-ақ, басқа мемлекеттік органдарға мәліметтер ұсынады;
  3. өз құзыреті шегінде Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың қызметіне мониторинг жүргізуді асырады.