ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ

ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ

Шымкент қаласының аумағында цифрландыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырудағы жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы саласындағы бірыңғай саясатын әзірлеу, цифрлық инфрақұрылым  мәселелері бойынша Басқарма қызметін қамтамасыз ету.  

Құқықтары мен міндеттері:

  1. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, қала әкімдігі қаулыларының жобасын дайындауға қатысады;
  2. заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, аудандардың жергілікті атқарушы органдарынан, басқа да ұйымдардар өзіне жүктелген қызметті жүзеге асыруға қажетті мәліметтер сұратады, сондай-ақ, басқа мемлекеттік органдарға мәліметтер ұсынады;
  3. өз құзыреті шегінде Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың қызметіне мониторинг жүргізуді асырады.