"Қала бюджетінің атқарылуын ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру" бағытының негізгі атқаратын қызметтері

"Қала бюджетінің атқарылуын ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру" бағытының негізгі атқаратын қызметтері:

  • облыстық мәслихат сессиясының шешімімен бюджетті нақтылау кезінде қаржыландыру жоспарына және бюджеттік өтінімдерге уақытылы өзгерістер енгізу және жылдық қаржыландыру жоспарына қосымша есептермен Бюджеттік өтінімді жасау;
  • шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыруды және ұсынуды ұйымдастыру;
  • қаланың жергілікті бюджетінің орындалуы бойынша бюджеттік есепке алуды жүргізу;
  • тұрғын үй құрылысына бөлінген бюджеттік кредиттердің есебін және мониторингін жүзеге асыру;
  • мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй салу үшін бағалы қағаздар бойынша мониторинг жүргізу;
  • мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауды жүзеге асыру;
  • мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің мониторингін жүргізу;
  • орталық мемлекеттік органдардың және қала әкімі аппаратының тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс жүргізу;
  • жиынтық тоқсан сайынғы және жылдық есептерді ұсыну;
  • орталық мемлекеттік органдардың және қала әкімі аппаратының тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс жүргізу;
  • жиынтық тоқсан сайынғы және жылдық есептерді ұсыну;
  • мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын игермеуі бойынша ақпарат жинау;
  • әлеуметтік сала қызметін үйлестіру;
  • жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша желілерге, штаттарға, контингенттерге талдау жүргізу.